https://sputnik.kz/20251203/almaty-oblysynda-filippindik-turister-zhol-apatyna-ushyrady-bireui-koz-zhumdy-59311579.html
Алматы облысында филиппиндік туристер жол апатына ұшырады: біреуі көз жұмды
Алматы облысында филиппиндік туристер жол апатына ұшырады: біреуі көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Жол апаты Көлсай көлдерінің маңында болған 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T11:04+0500
2025-12-03T11:04+0500
2025-12-03T11:26+0500
алматы облысы
туристер
жол апаты
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданында филиппиндік турист қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жол апаты Көлсай көлдерінің маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша филиппиндіктерді тасымалдаған Саты ауылының тұрғыны көлік жылдамдығын асырып жіберген. Оқиға 30 қарашада болған.Полиция жүргізуші қамауға алынғанын айтты.Кейіннен туристер Кеген аудандық ауруханасынан Алматыға ауыстырылған.Жансақтау бөліміне түскен филиппиндік арнайы медициналық көлікпен тасымалданған.
https://sputnik.kz/20251020/turkistan-oblysynda-qaragandylyq-turister-adasyp-ketti-58041173.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, туристер, жол апаты
алматы облысы, туристер, жол апаты
Алматы облысында филиппиндік туристер жол апатына ұшырады: біреуі көз жұмды
11:04 03.12.2025 (жаңартылды: 11:26 03.12.2025) Жол апаты Көлсай көлдерінің маңында болған
АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысы Кеген ауданында филиппиндік турист қайтыс болды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жол апаты Көлсай көлдерінің маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша филиппиндіктерді тасымалдаған Саты ауылының тұрғыны көлік жылдамдығын асырып жіберген. Оқиға 30 қарашада болған.
Полиция жүргізуші қамауға алынғанын айтты.
"Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, Toyota Sequoia жүргізушісі көлік рөлінде ие бола алмай, аударылып кеткен. Бір жолаушы сол жерде қайтыс болды. Тағы бесеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деп түсіндірді департамент.
Кейіннен туристер Кеген аудандық ауруханасынан Алматыға ауыстырылған.
"Біреуінің жағдайы ауыр, төртеуі қанағаттанарлық", - дейді аудандық аурухана мамандары.
Жансақтау бөліміне түскен филиппиндік арнайы медициналық көлікпен тасымалданған.