https://sputnik.kz/20251202/zelenskiy-aqsh-tyn-beybitshilik-zhosparyna-qatysty-pikir-bildirdi-59295939.html
Зеленский АҚШ-тың бейбітшілік жоспарына қатысты пікір білдірді
Зеленский АҚШ-тың бейбітшілік жоспарына қатысты пікір білдірді
Sputnik Қазақстан
Қараша айының соңында Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ұсыныс әзірленгенін жариялады 02.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-02T21:53+0500
2025-12-02T21:53+0500
2025-12-02T21:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1d/56682498_0:74:2700:1594_1920x0_80_0_0_976b2beee29772c28840c846cc4ef839.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Владимир Зеленский өзінің Telegram арнасында Украина мен АҚШ өкілдері Женева бейбітшілік келісімін толықтырғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Зеленский Украина делегациясына АҚШ президенті Дональд Трамптың командасымен, сондай-ақ еуропалық көшбасшылармен сындарлы жұмысты жалғастыруды тапсырғанын айтты.Қараша айының соңында Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ұсыныс әзірленгенін жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жоспарға Донбасстағы аумақты Мәскеудің бақылауына беру, оны және Қырымды Ресей аумағы ретінде ресми түрде тану, Запорожье және Херсон облыстарындағы қақтығыс желісінің көп бөлігін тоқтата тұру, Украина Қарулы күштерін екі есеге қысқарту және Ресейге терең шабуыл жасай алатын шетелдік әскер мен қару-жарақты орналастыруға тыйым салу кіреді.Өткен жексенбіде ЕО, АҚШ және Украина өкілдері Женевада АҚШ ұсынысына түзетулерді талқылау үшін келіссөздер өткізді. Олар украин әскерлерінің санына, Запорожье атом электр станциясын бақылауға, Украина аумағына НАТО күштерін орналастыруға, аумақтық меншікке және басқа да мәселелерге қатысты деп айтылды.Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бастапқы бейбітшілік жоспары болашақ келісімдерге негіз болуы мүмкін, бірақ әрбір тармақ алдын ала мұқият пысықталуы керек. Ол арнайы әскери операция мақсаттарына жақындатып жатқандықтан қақтығыс даласындағы жағдай жалпы Ресейге қолайлы екенін, бірақ ел келіссөздерге және қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ашық екенін айтты.
https://sputnik.kz/20251105/zelenskiy-kievtin-germaniyadan-eki-patriot-zhuyesin-alganyn-malimdedi-58467515.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1d/56682498_0:0:2357:1768_1920x0_80_0_0_b0ee75cd159f0819e45b893415c5b7d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский АҚШ-тың бейбітшілік жоспарына қатысты пікір білдірді
Қараша айының соңында Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ұсыныс әзірленгенін жариялады
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Владимир Зеленский өзінің Telegram арнасында Украина мен АҚШ өкілдері Женева бейбітшілік келісімін толықтырғанын мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
"Жұмыстар Женева құжаты негізінде жүргізілді және бұл құжат толықтырылды", - деп мәлімдеді ол.
Зеленский Украина делегациясына АҚШ президенті Дональд Трамптың командасымен, сондай-ақ еуропалық көшбасшылармен сындарлы жұмысты жалғастыруды тапсырғанын айтты.
Қараша айының соңында Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ұсыныс әзірленгенін жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жоспарға Донбасстағы аумақты Мәскеудің бақылауына беру, оны және Қырымды Ресей аумағы ретінде ресми түрде тану, Запорожье және Херсон облыстарындағы қақтығыс желісінің көп бөлігін тоқтата тұру, Украина Қарулы күштерін екі есеге қысқарту және Ресейге терең шабуыл жасай алатын шетелдік әскер мен қару-жарақты орналастыруға тыйым салу кіреді.
Өткен жексенбіде ЕО, АҚШ және Украина өкілдері Женевада АҚШ ұсынысына түзетулерді талқылау үшін келіссөздер өткізді. Олар украин әскерлерінің санына, Запорожье атом электр станциясын бақылауға, Украина аумағына НАТО күштерін орналастыруға, аумақтық меншікке және басқа да мәселелерге қатысты деп айтылды.
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бастапқы бейбітшілік жоспары болашақ келісімдерге негіз болуы мүмкін, бірақ әрбір тармақ алдын ала мұқият пысықталуы керек. Ол арнайы әскери операция мақсаттарына жақындатып жатқандықтан қақтығыс даласындағы жағдай жалпы Ресейге қолайлы екенін, бірақ ел келіссөздерге және қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ашық екенін айтты.