https://sputnik.kz/20251202/rubio-germaniyanyn-syrtqy-ister-ministrimen-ukrainadagy-qaqtygysty-talqylady-59278198.html
Рубио Германияның сыртқы істер министрімен Украинадағы қақтығысты талқылады
Рубио Германияның сыртқы істер министрімен Украинадағы қақтығысты талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Германияның сыртқы істер министрі... 02.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-02T10:07+0500
2025-12-02T10:07+0500
2025-12-02T10:08+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58490207_0:49:3020:1748_1920x0_80_0_0_3b567031d636aa080b67b18c8e8ef37e.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті.Ведомствоның мәліметінше мемлекеттік хатшы мен сыртқы істер министрі қақтығысты реттеуге бағытталған "жалғасып жатқан күш-жігерді" талқылаған.Кремль бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткоффты Мәскеуде қабылдайтынын растады. Кездесу сейсенбі күні түстен кейін өтеді деп жоспарланып отыр.АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украинадағы жағдайды реттеуге арналған жоспар әзірленіп жатқанын мәлімдеген болатын. Алайда жұмыстың әлі жалғасып жатқанын алға тартып, оның егжей-тегжейін талқыламайтынын атап өтті. Ал Кремль Ресейдің келіссөздерге дайын екенін және Анкоридждегі келісімдерді бұзбайтынын хабарлады.
https://sputnik.kz/20251201/kallac-ukraina-byudzhetin-qarzhylandyru-turaly-sheshimnin-qashan-qabyldanatynyn-aytty-59262909.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/06/58490207_365:0:3001:1977_1920x0_80_0_0_fdb119ba95ba9f750c000e12b9710b67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Рубио Германияның сыртқы істер министрімен Украинадағы қақтығысты талқылады
10:07 02.12.2025 (жаңартылды: 10:08 02.12.2025) АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылау үшін Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефулмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаменті.
"Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың қақтығысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату және ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу мақсатын тағы бір рет растады", - делінген Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.
Ведомствоның мәліметінше мемлекеттік хатшы мен сыртқы істер министрі қақтығысты реттеуге бағытталған "жалғасып жатқан күш-жігерді" талқылаған.
Кремль бұған дейін Ресей президенті Владимир Путиннің АҚШ президентінің арнайы елшісі Стив Уиткоффты Мәскеуде қабылдайтынын растады. Кездесу сейсенбі күні түстен кейін өтеді деп жоспарланып отыр.
АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украинадағы жағдайды реттеуге арналған жоспар әзірленіп жатқанын мәлімдеген болатын. Алайда жұмыстың әлі жалғасып жатқанын алға тартып, оның егжей-тегжейін талқыламайтынын атап өтті. Ал Кремль Ресейдің келіссөздерге дайын екенін және Анкоридждегі келісімдерді бұзбайтынын хабарлады.