https://sputnik.kz/20251202/pavlodarda-zeynetker-24-mln-tengesinen-ayyrylyp-qala-zhazdady-59278857.html
Павлодарда зейнеткер 24 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
Павлодарда зейнеткер 24 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
Sputnik Қазақстан
Еш нәрседен күдіктенбеген зейнеткер кодты айтқан және бір банкте үлкен депозиті бар екенін хабарлаған 02.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-02T11:12+0500
2025-12-02T11:12+0500
2025-12-02T11:12+0500
павлодар облысы
зейнеткер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/1364/01/13640113_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_d3bbbafbb72a7251db90045dfc210668.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда зейнеткер алаяқтарға 24 млн теңгесін беріп қоя жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Полицияның мәліметінше Павлодар қаласының зейнеткері "энергетикалық орталықтан" қоңырау алған. Ол есептегішті тексереміз деген әңгімеге сеніп, сілтемелер арқылы өтіп, алаяқтарға 24 млн теңге аудармақ болған.Кейіннен зейнеткерге банк атынан қоңырау шалып, алаяқтардың оның ақшасын иемденгісі келетінін және ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігін жеткізеді. Одан кейін курьер келетінін, оған ақшаны беру керектігін түсіндірген.Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша тергеу басталды. Қоңырау шалған алаяқтардың абоненттік нөмірлері анықталып, күдіктілер іздестіріліп жатыр.Полиция тұрғындарға ешбір мемлекеттік орган ақшаны сақтау үшін алмайтынын және курьер жібермейтінін тағы да ескертті. Мұндай қоңыраулардың бәрі – алаяқтық.
https://sputnik.kz/20251121/aqmolada-er-adam-alayaqtarga-kodty-aytpasa-da-bar-aqshasynan-ayyrylyp-qaldy-58957131.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1364/01/13640113_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_3e1e5ec6b0eec40bf7de8d5ccc7f8c83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, зейнеткер, алаяқтық
павлодар облысы, зейнеткер, алаяқтық
Павлодарда зейнеткер 24 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
Еш нәрседен күдіктенбеген зейнеткер кодты айтқан және бір банкте үлкен депозиті бар екенін хабарлаған
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда зейнеткер алаяқтарға 24 млн теңгесін беріп қоя жаздады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше Павлодар қаласының зейнеткері "энергетикалық орталықтан" қоңырау алған. Ол есептегішті тексереміз деген әңгімеге сеніп, сілтемелер арқылы өтіп, алаяқтарға 24 млн теңге аудармақ болған.
"Алаяқтар өздерін энергетикалық компанияның қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге есептегіш тексеріліп, пломбаланатынын айтып, 1414 сервисінен келген кодты беруді сұраған. Еш нәрседен күдіктенбеген зейнеткер кодты айтқан және өзінде бір банкте үлкен депозит бар екенін хабарлаған", - деп жазылған хабарламада.
Кейіннен зейнеткерге банк атынан қоңырау шалып, алаяқтардың оның ақшасын иемденгісі келетінін және ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару қажеттігін жеткізеді. Одан кейін курьер келетінін, оған ақшаны беру керектігін түсіндірген.
"Зейнеткер еш ойланбастан депозитінен 24 млн теңге алып, 800 мың теңге комиссияны төлеп, үйіне оралып, әрі қарайғы нұсқауды күтті. Кейіннен зейнеткер құрбысына қонаққа барып, мән-жайды айтқанда, досы күдіктеніп, учаскелік инспекторға хабарласқан", - дейді полицейлер.
Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша тергеу басталды. Қоңырау шалған алаяқтардың абоненттік нөмірлері анықталып, күдіктілер іздестіріліп жатыр.
"Барлығы телефон қоңырауынан басталды, әрі қарай түс секілді болды. Тек полицияның жедел әрекеті мен құрбымның сақтық көрсеткенінің арқасында үлкен соманы ұрлатпай, ақшамды қайтаруға мүмкіндік туды", – дейді Лидия Федоровна.
Полиция тұрғындарға ешбір мемлекеттік орган ақшаны сақтау үшін алмайтынын және курьер жібермейтінін тағы да ескертті. Мұндай қоңыраулардың бәрі – алаяқтық.