https://sputnik.kz/20251202/eaeo-shenberinde-bizneske-qolayly-zhagday-zhasalyp-zhatyr--sagyntaev-59278571.html
ЕАЭО шеңберінде бизнеске қолайлы жағдай жасалып жатыр – Сағынтаев
ЕАЭО шеңберінде бизнеске қолайлы жағдай жасалып жатыр – Сағынтаев
Sputnik Қазақстан
Жүргізілген мониторинг интеграцияның оң әсерін растады 02.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-02T13:48+0500
2025-12-02T13:48+0500
2025-12-02T13:48+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/01/59259255_0:197:3072:1925_1920x0_80_0_0_4a28fbddc3aef3eae066510b49675053.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев іскер топтардың интеграциялық процестерге тартылуы ЕАЭО елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды элемент екенін айтты.Ол комиссия мен ЕАЭО іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің XI отырысында сөз сөйледі.Мониторинг интеграцияның бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға оң әсерін растайды. Одақ шеңберінде тауарлармен өзара сауда көлемі 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 9%-ке, қызметтер16%-ке өсті. Ал жеке капитал 17%-ке артқан.Қызметтің маңызды бағыттары – өнеркәсіп кәсіпорындарына сыртқы нарықтарда қолайлы жағдай жасау және өнеркәсіп пен АӨК-тегі кооперациялық жобаларға жәрдемдесу.Сондай-ақ ол комиссияның қызметі Еуразиялық экономикалық интеграцияның әлеуетін ашу есебінен ЕАЭО шеңберінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын мәлімдеді. Сағынтаев іскер қоғамдастықты одан әрі қарқынды және ашық диалогқа шақырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/01/59259255_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_762e4c167af2881dd71a425fd7b03d76.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
ЕАЭО шеңберінде бизнеске қолайлы жағдай жасалып жатыр – Сағынтаев
Жүргізілген мониторинг интеграцияның оң әсерін растады
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев іскер топтардың интеграциялық процестерге тартылуы ЕАЭО елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды элемент екенін айтты.
Ол комиссия мен ЕАЭО іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің XI отырысында сөз сөйледі.
"ЕЭК және "бестік" мемлекеттерінің бизнесі комиссия шешімдерінің және халықаралық шарттар жобаларының реттеуші және нақты әсерін бағалау рәсімдері шеңберінде тиімді өзара іс-қимыл жасайды. Биыл кәсіпкерлердің комиссияға барлық өтініші бойынша оң нәтиже бар: олардың бір бөлігі шешілді, басқалары бойынша толық түсініктемелер берілді", - деді Сағынтаев.
Мониторинг интеграцияның бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға оң әсерін растайды. Одақ шеңберінде тауарлармен өзара сауда көлемі 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 9%-ке, қызметтер16%-ке өсті. Ал жеке капитал 17%-ке артқан.
Қызметтің маңызды бағыттары – өнеркәсіп кәсіпорындарына сыртқы нарықтарда қолайлы жағдай жасау және өнеркәсіп пен АӨК-тегі кооперациялық жобаларға жәрдемдесу.
"Тәжірибе көрсеткендей, нормативтік базаны құру және қаржы алу жеткіліксіз. Қолдау тетіктерін тиімді іске қосу үшін ертеңгі күннің нарықтық сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап беретін нақты бизнес-жобалар пулын қалыптастыру қажет. Бұл мәселелерде біз ЕАЭО іскерлік кеңесінің практикалық көмегіне сенеміз", - деді алқа төрағасы.
Сондай-ақ ол комиссияның қызметі Еуразиялық экономикалық интеграцияның әлеуетін ашу есебінен ЕАЭО шеңберінде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын мәлімдеді. Сағынтаев іскер қоғамдастықты одан әрі қарқынды және ашық диалогқа шақырды.