Бағаны негізсіз қымбаттатқан: Алматыдағы ірі сауда желілері жауапқа тартылды

Супермаркет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
Жазылу
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге 32 млн теңгеден астам айыппұл салынды
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Алматыдағы "Метро", Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз өсіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
Алматы қаласы бойынша сауда және тұтушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері сауда саласындағы ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізген. Нәтижесінде, 420-дан астам кәсіпкерлік субъектісіні әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, "Метро" ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, "Метро" сауда желісі үстеме баға үшін әкімшілік жауапкершілікке бірінші рет тартылып отырған жоқ. Бұған дейін бұл кәсіпкерлік нысаны 2024 жылы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сондай-ақ, Алматы қаласының "Small" және "Toimart" сияқты ірі сауда желілері сауда үстемесінің 15% асқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге 32 млн теңгеден астам айыппұл салды.
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2025
2026 жылға арналған сатып алулар кезінде дәрі-дәрмек бағасы 50-300%-ға дейін төмендеді
Жаңалықтар
0