https://sputnik.kz/20251201/soltustik-qazaqstan-oblysynda-7-mynga-zhuyq-qaz-qyrylyp-qaldy-59271128.html
Солтүстік Қазақстан облысында 7 мыңға жуық қаз қырылып қалды
Солтүстік Қазақстан облысында 7 мыңға жуық қаз қырылып қалды
Sputnik Қазақстан
Құс өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, шығын 10 млн теңгеге жеткен 01.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-01T20:43+0500
2025-12-01T20:43+0500
2025-12-01T20:46+0500
солтүстік қазақстан облысы
құс
сараптама
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15019206_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_308995e78686844fdbf7a4d982a4a4c3.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылында қаз қырылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қаз өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, шығын 10 млн теңгеге жеткен. Ә дегенде құстардың іші өтіп, мүлдем су, азық жеуден қалған.Жергілікті ветеринарлық станцияның мамандары зертханалық қорытындыға сәйкес құстар пастереллезден өлгенін айтты. Алайда тұрғындар бұған келіспей, тәуелсіз сараптама жүргізген.Жалпы 6799 құс қырылып қалған.Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасынан сұрап көрді."10 қарашадан бастап ауданның ветеринарлық қызметі бірнеше рет сынама алды. Материалдар екі уәкілетті зертханаға — облыстық ветеринариялық зертханаға және ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа Астана қаласына жіберілді. Зерттеу нәтижелері бойынша пастереллез анықталды. 24 қарашадан бастап Шаховское ауылында пастереллез бойынша шектеу іс-шаралары енгізілді", - дейді ведомстводағылар.Басқарма екі рет сараптама жүргізілгенін, екеуінің де бір нәтиже көрсеткенін айтады.Құстардың өлекселерін жою ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес арнайы белгіленген жерде ұйымдастырылған. Облыстағы эпизоотиялық жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында, дейді басқармадағылар.
https://sputnik.kz/20251120/soltustik-qazaqstanda-astyq-qoymasyna-qulap-ketken-zhumysshy-ayel-koz-zhumdy-58922194.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/15/15019206_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_49c20a4cbc4a62bfa45cf4eaeba0895d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, құс, сараптама
солтүстік қазақстан облысы, құс, сараптама
Солтүстік Қазақстан облысында 7 мыңға жуық қаз қырылып қалды
20:43 01.12.2025 (жаңартылды: 20:46 01.12.2025) Құс өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, шығын 10 млн теңгеге жеткен
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылында қаз қырылып қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаз өсірумен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, шығын 10 млн теңгеге жеткен. Ә дегенде құстардың іші өтіп, мүлдем су, азық жеуден қалған.
Жергілікті ветеринарлық станцияның мамандары зертханалық қорытындыға сәйкес құстар пастереллезден өлгенін айтты. Алайда тұрғындар бұған келіспей, тәуелсіз сараптама жүргізген.
"Біз өлген қазды Алматы микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығына жібердік. Сол жерден H5N1 жоғары патогенді құс тұмауы табылды деген тәуелсіз сараптаманың қорытындысы келді. Бірақ біздің ветеринарлық қызмет мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, құстар пастереллезден өлген. Әкімдік және басқа органдар да тәуелсіз сараптама нәтижелерін қабылдаудан бас тартты", - дейді кәсіпкер Жанат Ғаббасов.
Жалпы 6799 құс қырылып қалған.
Мәселенің мән-жайын
Sputnik Қазақстан тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасынан сұрап көрді.
"10 қарашадан бастап ауданның ветеринарлық қызметі бірнеше рет сынама алды. Материалдар екі уәкілетті зертханаға — облыстық ветеринариялық зертханаға және ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталыққа Астана қаласына жіберілді. Зерттеу нәтижелері бойынша пастереллез анықталды. 24 қарашадан бастап Шаховское ауылында пастереллез бойынша шектеу іс-шаралары енгізілді", - дейді ведомстводағылар.
Басқарма екі рет сараптама жүргізілгенін, екеуінің де бір нәтиже көрсеткенін айтады.
Құстардың өлекселерін жою ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес арнайы белгіленген жерде ұйымдастырылған. Облыстағы эпизоотиялық жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында, дейді басқармадағылар.