Екі облыстағы жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТас жол
Тас жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2025
Жазылу
Жолды 2025 жылдың 02 желтоқсанында сағат 05:00-де ашу жоспарланған
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" кейбір облыстағы көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпаратпен бөлісті.
1 желтоқсандағы сағат 21:40-та ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
"РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) " автожолының 1154-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ырғыз а.- Қызылорда облысы шек.).
Қызылорда облысы:
"РФ шек. (Жайсан ө\п) -Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п) " автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе обл. шек.-Арал қ.).
Жолды 2025 жылдың 02 желтоқсанында сағат 05:00-де ашу жоспарланған.
Компаниядағылар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.11.2025
Үш облыста көлік қозғалысына шектеу енгізіледі
Жаңалықтар
0