Алматыда ер адам баланы бір теуіп құлатты (ВИДЕО)

© РИА Новости / Медиабанкке өтуДорога
Дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2025
Жазылу
Ер адам қамауға алынды
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ойын алаңында баласына араша түскен ер адам 5 жастағы баланы аяусыз теуіп құлатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Баланы тепкен сәттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, қоғамның наразылығын тудырды. Бар екпінімен тепкен ер адам өзі де шалынып құлайды. Ал жәбір көрген баланың анасы "ұлымның миы шайқалған, құса береді" деп жазған.
Ер адам қамауға алынған.
"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті.
Полицияның айтуынша мұндай әрекеттер қатаң түрде жазаланады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеуді тіпті полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алған.
Жаңалықтар
0