https://sputnik.kz/20251201/abay-oblysynda-tutynushylardy-aldagan-kasipkerlerge-ayyppul-salyndy-59271403.html
Абай облысында тұтынушыларды алдаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Абай облысында тұтынушыларды алдаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде 9 кәсіпкерлік субъектісіне 452 мың теңге айыппұл төледі 01.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-01T21:36+0500
2025-12-01T21:36+0500
2025-12-01T21:36+0500
сауда
тұтынушылар
айыппұл
https://sputnik.kz/img/539/63/5396307_0:18:3072:1746_1920x0_80_0_0_9aa8bacec779203ac3149eaa1a45ae23.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі тұтынушыларды алдаған кәсіпкерлерге айыппұл салынғанын хабарлады.Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті биыл тұтынушыларды алдау фактісі бойынша заң бұзушылықтарды анықтап, 9 кәсіпкерді әкімшілік кодекстің 190-1 бабы аясында жауапкершілікке тартты.Ал сауда объектісінде тұтынушының бұрышы болмағаны үшін 5 кәсіпкерлік субъектісіне 108 мың теңге айыппұл салынған."Біздің департамент тұтынушылардың құқығын қорғау, әсіресе Әкімшілік кодекстің 190 бабы бойынша биыл жүйелі жұмыс жүргіздік деп айтуға болады. Мысалы тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартқан кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Тұтынушының наразылығына жазбаша жауап бермеген 14 кәсіпкерге 479 мың теңге айыппұл салдық", - деді Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Серікхан Нұртазин.Департаментке жыл басынан тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 1041 өтініш түскен. Департамент мамандары 11 ай ішінде тұтынушыларға 36,1 млн теңгесін қайтарып берді.
https://sputnik.kz/20251126/memlekettik-satyp-alulardy-zansyz-rasimdegen-bolim-basshysy-ayyppul-arqalady-59114506.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/539/63/5396307_91:0:2822:2048_1920x0_80_0_0_42645a331df1db8766ea00ba805fec8d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, тұтынушылар, айыппұл
сауда, тұтынушылар, айыппұл
Абай облысында тұтынушыларды алдаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Нәтижесінде 9 кәсіпкерлік субъектісіне 452 мың теңге айыппұл төледі
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Сауда және интеграция
министрлігі тұтынушыларды алдаған кәсіпкерлерге айыппұл салынғанын хабарлады.
Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті биыл тұтынушыларды алдау фактісі бойынша заң бұзушылықтарды анықтап, 9 кәсіпкерді әкімшілік кодекстің 190-1 бабы аясында жауапкершілікке тартты.
"Бұл сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы боп есептеледі. Нәтижесінде 9 кәсіпкерлік субъектісіне 452 мың теңге айыппұл төледі", - деп жазылған хабарламада.
Ал сауда объектісінде тұтынушының бұрышы болмағаны үшін 5 кәсіпкерлік субъектісіне 108 мың теңге айыппұл салынған.
"Біздің департамент тұтынушылардың құқығын қорғау, әсіресе Әкімшілік кодекстің 190 бабы бойынша биыл жүйелі жұмыс жүргіздік деп айтуға болады. Мысалы тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартқан кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Тұтынушының наразылығына жазбаша жауап бермеген 14 кәсіпкерге 479 мың теңге айыппұл салдық", - деді Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Серікхан Нұртазин.
Департаментке жыл басынан тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 1041 өтініш түскен. Департамент мамандары 11 ай ішінде тұтынушыларға 36,1 млн теңгесін қайтарып берді.