Тоқаев Қырғызстан президентін парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Жазылу
Президент бұл айтулы саяси оқиғаның нәтижесі стратегиялық міндетті орындаудың батыл қадамы саналатынын атап өтті
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы бұл айтулы саяси оқиғаның нәтижесі Қырғызстанды одан әрі дамыту жолындағы стратегиялық міндетті орындаудың батыл қадамы саналатынын атап өтті.
"Парламент сайлауы Сіздің қуатты әрі өркендеген ел құру бағдарыңыз халықтың жаппай қолдауына ие болғанын көрсетті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық сипатындағы қазақ-қырғыз қатынастары қарқынды дамып келеді. Ғасырлардан тамыр тартатын достығымызға, тату көршілік байланысқа және өзара қолдауға арқа сүйей отырып, жетістіктерімізді еселей түсетінімізге әрі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаратынымызға сенімдімін", – деп жазды президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
Еске сала кетейік, бүгін Қырғыстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша дауыс бергендердің саны 1 миллион адамнан асты. Яғни осы уақытқа дейін дауыс беруге құқылы халықтың 25 пайызы таңдау жасап үлгерді.
Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты Алтын Қыран орденімен марапаттады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Тоқаев Қырғызстан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Жаңалықтар
0