Маңғыстауда сарбаз психиатриялық ауруханаға түсті – қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Жазылу
Дәрігерлер сарбаз әскери қызметті жалғастыра алмайды деген шешімге келді
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында психиатриялық ауруханаға түскен 18 жастағы сарбаздың арызынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada порталына сілтеме жасап.
Мерзімді әскери борышын өтеген 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров психикам бұзылды деп шағымданған. Осыдан кейін оны медициналық тексеріске жіберген болатын. Дәрігерлер әскери қызметті жалғастыра алмайды деген шешімге келіп, сарбазды денсаулығына байланысты запасқа жіберді.
Әскери қызметтен босатылған Шынтеміров әскерде өзіне қатысты заңсыз әрекеттер болғанын айтқан. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құзіретті органдар тергеу шараларын бастады.
Айта кетері, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 18 жастағы сарбаздың мәселесі жайында жазылған. Оның туыстары қазіргі жағдайына әскердегі әлімжеттік себеп болды деп санайды.
Ұлттық ұлан формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айыпталушы сотта соңғы сөзін айтты
Жаңалықтар
0