Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Финляндия Украинадағы қақтығысты аяқтауға қатысты мәлімдеме жасады

© Getty Images / LibkosУкраина сарбазы
Украина сарбазы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Жазылу
Елдің сыртқы істер министрі қақтығысты тоқтату процесі оңайға соқпайтынын атап өтті
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Финляндияның сыртқы істер министрі Элина Валтонен АҚШ Киевке қысым көрсетсе, Украина қақтығысты тоқтату жөніндегі америкалық жоспардың шарттарын қабылдауға мәжбүр болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Yle.
"Егер Америка Құрама Штаттары әскери іс-қимылды тоқтату қажет деп шешсе, Украина қысымға ұшырап, ұсынылған шарттарды қабылдауға мәжбүр болуы мүмкін", - деп басылым министрдің сөзінен үзінді келтірді.
Валтонен сонымен қатар қақтығысты тоқтату процесі оңайға соқпайтынын атап өтті.
Өткен аптада Ақ үй Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсыныс әзірленгенін жариялады.
Бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Ресей болашақ келісімдердің негізі болуы мүмкін бастапқы жоспарды қарап шыққанын, бірақ әрбір тармақты мұқият қарастыру керектігін айтты.
Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Лукашенко Украина бойынша келіссөзді Минскіде қайта өткізуге ұсыныс жасады
Жаңалықтар
0