Атырауда 11-сынып оқушысы басынан жарақат алды - қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Абзал КалиевАтырауда 11-сынып оқушысы басынан жарақат алды - қылмыстық іс қозғалды
Атырауда 11-сынып оқушысы басынан жарақат алды - қылмыстық іс қозғалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Жазылу
Полиция күдіктіні анықтады
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Атыраудағы мектептерінің бірінде 11-сынып оқушысына дене жарақатын келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция күдіктіні анықтады. Оның заңды өкілдерінің қатысуымен жауаптар алынып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу шаралары басталды.

"Оқиғаны құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарламағаны үшін, сынып жетекшісі мен мектеп директорына қатысты іс-құжаттар Атырау облысы бойынша білім сапасын бақылау департаментіне жолданды", - дейді полицейлер.

Ал құқық бұзушылыққа жол берген жасөспірім есепке алынды. Оған қатысты жинақталған іс-құжаттар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.
Айта кетері, бұл оқиға "Тағылым" атты жеке меншік мектепте болған. 11-сынып оқушылары сөзге келіп қалады. Сол кезде бір қызды құрбылары итеріп жіберген. Ол құлап, басынан жарақат алды.
Человек в капюшоне на фоне граффити - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2025
Ақтөбелік оқушы төбелесіп, көзін зақымдап алды
Жаңалықтар
0