Яна Легкодимованың өлімін тергеген полицейлер марапатталды

© Photo : Polisia.kzЯна Легкодимованың өлімін тергеген полицейлер марапатталды
Яна Легкодимованың өлімін тергеген полицейлер марапатталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Жазылу
Тергеуші Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Атырау қаласында аса ауыр қылмысты әшкерелеген полицейлер марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу әрекеттерін сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқан тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды.
Ал полиция подполковнигі Аслан Смағұл мен полиция майоры Наурызбек Рахманов “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды.
"Бұдан бөлек, полиция майоры Серіжан Сабитов пен полиция капитаны Гүлфарида Төлегенова “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісіне ие болды", - дейді ведомство.
Полицейлер 2024 жылы із-түссіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты тергеу кезінде кәсіби дайындығы мен жедел әрекеті үшін марапатталып отыр. Тәртіп сақшылары бейнебақылау деректерін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашты.
Айта кетері, Яна Легкодимованы өлтірген екі күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Яна Легкодимованы өлтірген сәттің видеосы жарияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Яна Легкодимованы өлтірген сәттің видеосы жарияланды
Жаңалықтар
0