Павлодарда шенеунік жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызып", 200 млн теңге жәрдемақы алған

© Sputnik / Абзал КалиевПавлодарда шенеунік жүкті әйелдерді "жұмысқа тұрғызып", 200 млн теңге жәрдемақы алған
Павлодарда шенеунік жүкті әйелдерді жұмысқа тұрғызып, 200 млн теңге жәрдемақы алған - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Жазылу
Жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын зейнетақы төлеу орталығының бөлім басшысы ұйымдастырған
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізуде.
Жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын зейнетақы төлеу орталығының бөлім басшысы ұйымдастырған.
"Ол таныс бухгалтермен 13 кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасын рұқсатсыз пайдаланып, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, еңбек қатынастары заңды түрде рәсімделген өзге де құжаттарды дайындаған", - дейді агенттік.
Бұл іске жүкті әйелдерді табу бойынша тағы бірнеше адам тартылған.
Осылайша жалған деректер негізінде жәрдемақы тағайындалып, алынған қаржыны өзара бөліп келген.
Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 млн теңгеге дейін өсірілген жәрдемақылар төленген. Мемлекетке келтірілген залал 200 млн теңгеден асады.
Сот санкциясымен күдіктілердің 3 автокөлігіне тыйым салынды.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
"Залал – 1,2 млрд теңге": Декреттік жәрдемақы алу үшін жалған құжат рәсімдегендер сотталды
Жаңалықтар
0