Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбан қақтығыс аяқталғаннан кейін Украинаны не күтіп тұрғанын айтты

© Sputnik / Stringer / Медиабанкке өтуПремьер-министр Венгрии Виктор Орбан
Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның айтуынша, Украина Ресей мен НАТО арасындағы "буферлік мемлекет" ретінде сақталуы тиіс, деп хабарлайды РИА Новости.
" Ұзақ мерзімді шешімнің жалғыз мүмкін жолы - соғыстан кейінгі тәртіптің Украинаның бұрынғы буферлік мемлекетке айналуы деген негізгі қағидаға негізделуі. Ресей халықаралық бейбітшілік конференциясында келісілген аумақты сақтайды, ал сол сызықтың батысындағының бәрі - НАТО-ның шығыс шекарасына дейін - қайтадан буферлік мемлекетке айналатын Украина мемлекетінің аумағын құрайды"", — деді Орбан Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Ресей мен НАТО Украина қарулы күштерінің буферлік аймақта әрекет етуіне рұқсат етілетін санын және жарақтандыру деңгейін келісуі тиіс. Екі тарап та "бұл буферлік мемлекет ешкімнің бақылауына өтпейтініне" кепілдік беруге міндетті.
"Бұл — келіссөз мәселесі, халықаралық құқық мұндай кепілдік жүйесін құруға қажетті тетіктерді ұсынады", — деді Венгрия премьері.
Бұған дейін Виктор Орбан Ресей президенті Владимир Путинмен өткен келіссөздерді табысты деп атаған еді. Өйткені олардың нәтижесінде Венгрияның энергиямен қамтамасыз етілуіне кепілдік берілген. Путин мен Орбанның кездесуі жұма күні өткен, ал Кремльдегі келіссөздер шамамен төрт сағатқа созылды.
Жаңалықтар
0