Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Каспий құбыр консорциумына шабуыл: Қазақстан балама бағыттар бойынша жоспарды іске қосты

© Photo : Пресс-служба "Каспийского трубопроводного консорциума" (КТК)Каспий құбыр консорциумыНЫҢ сыртқы аялдау құрылғысы
Каспий құбыр консорциумыНЫҢ сыртқы аялдау құрылғысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Жазылу
Жағдай Қазақстан Республикасы үкіметінің ерекше бақылауында
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалындағы жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
"Азаматтық маңызы бар инфрақұрылым нысандарына бағытталған мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. КҚК жүйесі – халықаралық энергетикалық жоба, және оның нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді, сондай-ақ консорциум қатысушыларының, соның ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді", - деп жазылған хабарламада.
Теріс салдарды азайту және ірі кен орындарындағы өндіріс қарқынын сақтау мақсатында, министрлік экспорттық көлемдерді балама бағыттарға қайта бағыттау бойынша жедел жоспарды іске қосты.
"Жағдай Қазақстан Республикасы үкіметінің ерекше бақылауында", - дейді ведомстводағылар.
Еске салайық, бүгін, 29 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 06:06-да, Каспий құбыр Консорциумы (КҚК) теңіз инфрақұрылымының нысандары Новороссийск қаласы маңында пилотсыз су көліктерінің шабуылына ұшырады. Шабуыл салдарынан екінші сыртқы аялдау құрылғысы айтарлықтай зақымданды. Кешен толық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгенге дейін істен шығарылды.
Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына тағы шаубыл жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына тағы шаубыл жасалды
Жаңалықтар
0