https://sputnik.kz/20251129/aqmola-oblysynda-politsiyaga-urlangan-kolik-turaly-khabarlagan-bala-marapattaldy-59217246.html
Ақмола облысында 10 жасар бала құқық бұзушыны полицияға ұстап берді
Ақмола облысында 10 жасар бала құқық бұзушыны полицияға ұстап берді
Sputnik Қазақстан
Оқушының уақытылы шалған қоңырауы мас жүргізушіні ізін суытпай ұстауға мүмкіндік берген 29.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-29T10:43+0500
2025-11-29T10:43+0500
2025-11-29T11:01+0500
ақмола облысы
полиция
оқушы
алғыс айту
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1d/59217389_0:173:1280:893_1920x0_80_0_0_3d565ebbe66e2932318349a3cc12800a.jpg
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Ақмола облысында құқық бұзушылықты полицияға дер кезінде хабарлаған 10 жасар бала марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Алан Колмагоровтың уақытылы шалған қоңырауы мас жүргізушіні ізін суытпай ұстауға мүмкіндік берген.Бала көліктің түсін, маркасын және мемлекеттік нөмірін нақты айтып берген. Уақытылы жеткізілген ақпараттың арқасында патрульдік полиция экипажы шұғыл әрекет етіп, күдіктіні ұстады. Кейін белгілі болғандай, аталған автокөлік ұрланған болып шықты. Оқушы жүргізушінің әрекеті ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескеріп, полицияға хабарлауды шешкен. Ал анасы Юлия Валерьевна Аланның мұндай жауапкершілік пен қоғамдық тәртіпке немқұрайдылық танытпауы отбасындағы тәрбиенің нәтижесі екенін айтады. Оның сөзінше, бала жасынан өз пікірін ашық айтып, әділдік туралы түсінігі қалыптасқан. Полиция қырағылық танытқан Алан мен оның анасына алғыс айтып, ведомство атынан велосипед сыйға берілді.
https://sputnik.kz/20250501/su-tasqyny-kezinde-turgyndarga-komektesken-balanyn-ata-anasyna-ayyppul-salyndy-53057044.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1d/59217389_0:53:1280:1013_1920x0_80_0_0_633c639a73ad426ca788ac70d2dc7464.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, полиция, оқушы, алғыс айту
ақмола облысы, полиция, оқушы, алғыс айту
Ақмола облысында 10 жасар бала құқық бұзушыны полицияға ұстап берді
10:43 29.11.2025 (жаңартылды: 11:01 29.11.2025) Оқушының уақытылы шалған қоңырауы мас жүргізушіні ізін суытпай ұстауға мүмкіндік берген
АСТАНА, 29 қараша - Sputnik. Ақмола облысында құқық бұзушылықты полицияға дер кезінде хабарлаған 10 жасар бала марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алан Колмагоровтың уақытылы шалған қоңырауы мас жүргізушіні ізін суытпай ұстауға мүмкіндік берген.
"25 қараша күні "102" нөміріне сұр түсті көліктің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы хабарлама түскен. Ал қоңырау шалған азамат – 10 жастағы Алан Колмагоров болды", - дейді полиция.
Бала көліктің түсін, маркасын және мемлекеттік нөмірін нақты айтып берген. Уақытылы жеткізілген ақпараттың арқасында патрульдік полиция экипажы шұғыл әрекет етіп, күдіктіні ұстады.
Кейін белгілі болғандай, аталған автокөлік ұрланған болып шықты.
Оқушы жүргізушінің әрекеті ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескеріп, полицияға хабарлауды шешкен.
"Мен жүргізуші біреуге зиян тигізе ме деп ойладым. Өйткені ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті", – дейді оқушы.
Ал анасы Юлия Валерьевна Аланның мұндай жауапкершілік пен қоғамдық тәртіпке немқұрайдылық танытпауы отбасындағы тәрбиенің нәтижесі екенін айтады. Оның сөзінше, бала жасынан өз пікірін ашық айтып, әділдік туралы түсінігі қалыптасқан.
Полиция қырағылық танытқан Алан мен оның анасына алғыс айтып, ведомство атынан велосипед сыйға берілді.