Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Ресей мен Украина келіссөзін Ыстанбұлда қабылдауға дайын екенін мәлімдеді

© Sputnik / Кирилл Зыков / Медиабанкке өтуВторой раунд переговоров России и Украины
Второй раунд переговоров России и Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Жазылу
Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Берлиндегі баспасөз конференциясында айтты
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия тарапы Ресей мен Украина делегацияларының келіссөзін Ыстанбұлда қайта өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келіссөз үрдісін сақтау маңызды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Бәріміз білетіндей, Женевада жаңа келіссөз процесі басталды, бұған дейін де бірқатар бастама ұсынылған еді. Бұл келіссөз үрдісін сақтау қажет. Ал бізге келсек, президентіміз (Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған – ред.) айтқандай, Ресей мен Украина келіссөзін Ыстанбұлда қайтадан өткізуге дайынбыз. Бейбіт процесте жеңілген тарап болмайды", – деді Фидан жұма күні Берлиндегі баспасөз конференциясында.
АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украинадағы қақтығысты тоқтату жоспары әзірленіп жатқанын жариялап, жұмыс жалғасып жатқандықтан, оның егжей-тегжейін әзірге талқыламайтынын хабарлаған болатын. Кремль Ресей келіссөздерге ашық және Анкоридждегі келіссөзге берік екенін мәлімдеді.
Жұма күні Ресей Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерімен кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ ұсынысы Украинадағы түпкілікті келісімге негіз бола алатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0