Азаматтардың мүгедектік деңгейін жасанды интеллект анықтайды

Жасанды интеллект - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Жазылу
Жүйенің барлық кезеңінде адами фактор алынып тасталады
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Мүгедектік дәрежесін анықтау үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Ведомство мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект моделін әзірлеп жатыр.

"Жасанды интеллект медициналық құжаттардан деректерді танып, құрылымдау жүйе ретінде пайдаланылмақ. Бұл ұсынылған мәліметтердің толықтығын анықтап, диагноздарды еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесімен (ауру түрлерінің халықаралық жіктемесіне сәйкес) салыстырады. Сондай-ақ қорытынды шешім бойынша ұсынымдар беру сияқты процестерді автоматтандырады", - дейді ведомствоодағылар.

Бұл құралды енгізу барлық кезеңдерде адами факторды жояды. Мүгедектік тобын анықтау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
Қазіргі уақытта ЖИ моделін оқыту, электрондық құжаттарды ұсыну үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жүріп жатыр. Клиникалық диагнозды растайтын барлық емдеу-диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеуді цифрландыру және құрылымдалған түрде беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін куәландырудың жаңа форматын пилоттық режімде апробациялау жоспарланып отыр.
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.11.2025
Жасанды интеллект дәрі-дәрмек жеткізу және жалған рецепттерді анықтау үшін қолданылады
Жаңалықтар
0