https://sputnik.kz/20251128/auyl-amanaty-bagdarlamasyna-600-mlrd-tengege-zhuyq-qarazhat-bolinedi-59201911.html
"Ауыл аманаты" бағдарламасына 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді
"Ауыл аманаты" бағдарламасына 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді
Sputnik Қазақстан
Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T14:55+0500
2025-11-28T14:55+0500
2025-11-28T14:56+0500
президент
ауыл
әкім
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59198750_0:33:1280:753_1920x0_80_0_0_3fc2764df5c526c6f3abd82f7cb16f56.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. 2029 жылға дейін "Ауыл аманаты" бағдарламасына 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деді Қазақстан президенті Астанадағы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеген сөзінде.Мемлекет басшысы ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керектігін және ең алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту қажеттілігін айтты.Мемлекет басшысы мұндай теріс әрекеттерге тыйым салынбағанын, бірақ бұл ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға кедергі келтіретінін айтты.Президенттің пікірінше, бірлестік құру бүкіл ел бойынша жүргізілсе ғана ауылдағы ағайын бұл жұмыстың игілігін көреді."Ауыл аманаты" жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беруде. Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді", - деді Тоқаев.
https://sputnik.kz/20251128/prezident-ozin-ozi-usyngandardyn-arasynan-neshe-adam-auyl-akimi-bolganyn-aytty-59200934.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/1c/59198750_116:0:1164:786_1920x0_80_0_0_c1e22ebee795ec12feced19fa65e8c06.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ауыл, әкім
"Ауыл аманаты" бағдарламасына 600 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді
14:55 28.11.2025 (жаңартылды: 14:56 28.11.2025) Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. 2029 жылға дейін "Ауыл аманаты" бағдарламасына 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деді Қазақстан президенті Астанадағы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керектігін және ең алдымен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту қажеттілігін айтты.
"Алайда бірлескен шаруашылықтар әзірге ауыл экономикасының тірегі бола алмай тұр. Көбіне мұндай кооперативтерді бірнеше адам ғана құратыны жасырын емес. Олар жеке шаруашылық иелері және өнім өңдеушілер арасында делдал болып жүреді. Соған қарамастан мемлекеттен жеңілдіктер алады", - деді президент.
Мемлекет басшысы мұндай теріс әрекеттерге тыйым салынбағанын, бірақ бұл ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға кедергі келтіретінін айтты.
Президенттің пікірінше, бірлестік құру бүкіл ел бойынша жүргізілсе ғана ауылдағы ағайын бұл жұмыстың игілігін көреді.
"Ауыл аманаты" жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік беруде. Жоба аясында екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді", - деді Тоқаев.