Алматыда Қытай азаматтарынан миллиондап ақша бопсалағандар ұсталды

© Photo : Polisia.kzПолицей формасы
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2025
Жазылу
Күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған
АЛМАТЫ, 28 қараша – Sputnik. Алматыда полицияның атын жамылып, бопсалаумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Бір топ адам құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп танысып, Қытай Халық Республикасының азаматтарынан ақша талап еткен. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер шетелдіктерден шамамен 5,5 миллион теңге көлемінде қаражат алған.
"Тергеу барысында анықталғандай, топ мүшелері бірігіп әрекет етіп, алдымен көшеде жүрген шетелдік азаматтардың біріне жақындап, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Одан кейін олардың уақытша тұрып жатқан мекенжайына бірге барып, ақша талап еткен", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Атырауда журналист кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2025
Атырауда журналист кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған
Жаңалықтар
0