https://sputnik.kz/20251128/almatyda-26-zhastagy-zhigittin-olimine-qatysty-tekseris-bastaldy-59208748.html
Алматыда 26 жастағы жігіттің өліміне қатысты тексеріс басталды
Алматыда 26 жастағы жігіттің өліміне қатысты тексеріс басталды
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда қала полициясы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр 28.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-28T20:59+0500
2025-11-28T20:59+0500
2025-11-28T20:59+0500
алматы
полиция
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Алматыда 11 қарашада көз жұмған 26 жастағы кәсіби бапкердің туыстары оқиғаның мән-жайын анықтауды талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Олар қайғылы жағдайға медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі себеп болды деп есептейді.Марқұмның жақындарының айтуынша, 11 қараша күні ол шәкіртімен бірге қалаға жарысқа барған. Түс кезінде дәмханаға кірген азамат өзін жайсыз сезініп, бірнеше рет құсқан. Кафе әкімшілігі оны мас деп ойлап, полиция шақырған.Туыстарының сөзінше, ол түн бойы айықтырғышта ес-түссіз жатқан, оған қажетті медициналық көмек көрсетілмеген, ата-анасына хабар берілмеген.Таңертең ата-анасы ұлын тауып, дереу ауруханаға жеткізген. МРТ тексерісі оның миына қан құйылғанын көрсеткен. Дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, жігіт комадан шықпай, сегіз күннен кейін қайтыс болған.Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.Алдын ала мәлімет бойынша кафе әкімшілігі полицияға хабарласып, ер адамның мас күйде жүргенін айтқан. Ол белгіленген тәртіппен медициналық айықтырғышқа жеткізілген. Тексеру барысында полиция қызметкерлерінің әрекеті кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр."Тексеру нәтижесінде заңнаманың немесе қызметтік тәртіптің бұзылғаны анықталса, заңда көзделген шаралар қабылданады. Біз барлық мән-жайды объективті әрі ашық түрде анықтауға мүдделіміз", - деп атап өтті полиция.
https://sputnik.kz/20251017/turkistan-oblysynda-politsiya-qyzmetkerleri-qamauga-alyndy-58000774.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, полиция
Алматыда 26 жастағы жігіттің өліміне қатысты тексеріс басталды
Қазіргі таңда қала полициясы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Алматыда 11 қарашада көз жұмған 26 жастағы кәсіби бапкердің туыстары оқиғаның мән-жайын анықтауды талап етіп отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Олар қайғылы жағдайға медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмеуі себеп болды деп
есептейді.Марқұмның жақындарының айтуынша, 11 қараша күні ол шәкіртімен бірге қалаға жарысқа барған. Түс кезінде дәмханаға кірген азамат өзін жайсыз сезініп, бірнеше рет құсқан. Кафе әкімшілігі оны мас деп ойлап, полиция шақырған.
Туыстарының сөзінше, ол түн бойы айықтырғышта ес-түссіз жатқан, оған қажетті медициналық көмек көрсетілмеген, ата-анасына хабар берілмеген.
Таңертең ата-анасы ұлын тауып, дереу ауруханаға жеткізген. МРТ тексерісі оның миына қан құйылғанын көрсеткен. Дәрігерлер шұғыл операция жасағанымен, жігіт комадан шықпай, сегіз күннен кейін қайтыс болған.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Таралған ақпаратта келтірілген деректер бойынша Алматы қаласының полиция департаменті жан-жақты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Видеотіркегіш материалдары, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде, полиция қызметкерлерінен, медициналық айықтырғыш мамандарынан, сондай-ақ оқиға куәгерлерінен жауап алынды", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша кафе әкімшілігі полицияға хабарласып, ер адамның мас күйде жүргенін айтқан. Ол белгіленген тәртіппен медициналық айықтырғышқа жеткізілген. Тексеру барысында полиция қызметкерлерінің әрекеті кезең-кезеңімен зерттеліп жатыр.
"Тексеру нәтижесінде заңнаманың немесе қызметтік тәртіптің бұзылғаны анықталса, заңда көзделген шаралар қабылданады. Біз барлық мән-жайды объективті әрі ашық түрде анықтауға мүдделіміз", - деп атап өтті полиция.