ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетовке ұйымның құрмет белгісі берілді

Награждение Тасмагамбетова
Награждение Тасмагамбетова - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Жазылу
Бішкекте Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті
АСТАНА, 27 қараша - Sptunik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы қызметінен кеткен Иманғали Тасмағамбетовке Бішкектегі Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ның бірінші дәрежелі құрмет белгісі табысталды.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров оған ҰҚШҰ Бас хатшысы ретіндегі сындарлы және өнімді жұмысы үшін алғыс айтты. Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері атқарып келді.
Қырғызстан өкілі және Ұйымның қазіргі басшысының орынбасары Таалатбек Масадыков 2026 жылдың 1 қаңтарында Тасмағамбетовтың орнын басады.
Бішкекте Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен Қырғызстан төрағалығына арналған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қорытынды сессиясы өтті.
Армения өкілдері Кеңеске қатысқан жоқ.
ҰҚШҰ саммитіндегі Ресей президенті Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Путин Ресейдің ҰҚШҰ-ға 2026 жылы төрағалығы кезіндегі ұраны қандай болатынын айтты
Жаңалықтар
0