https://sputnik.kz/20251127/qostanayda-zeynetkerdin-paterin-satuga-kelgen-rieltor-birden-politsiyaga-khabarlasqan-59177833.html
Қостанайда зейнеткердің пәтерін сатуға келген риелтор бірден полицияға хабарласқан
Қостанайда зейнеткердің пәтерін сатуға келген риелтор бірден полицияға хабарласқан
Sputnik Қазақстан
Себебі байланысқа үшінші тұлға шығып, асықтырған, баға да нарықтан төмен 27.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-27T20:39+0500
2025-11-27T20:39+0500
2025-11-27T20:39+0500
алаяқтық
алаяқ
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қостанайда полиция мен риелтор мүлкінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.64 жастағы тұрғын интернеттен тиімді инвестициялар туралы жарнаманы көргеннен кейін алаяқтардың құрбаны болды. Жоғары табысқа уәде бергендерге сеніп, ол сілтемелерге өтіп, қылмыскерлерге 4 млн теңге аударған. Алаяқтар "салған қаражат көбейген сайын пайда артады", – деп сендіріп, әйелді психологиялық қысыммен тағы 6 млн теңгені аударуға көндірген.Риелторда бірден күдік туды. Себебі байланысқа үшінші тұлға шығып, асықтырады, баға да нарықтан төмен. Оқиға орнына барған риелтор пәтер иесімен кездесіп, оның қысым астында тұрғанын байқап, дереу полицияға хабарлаған.Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел жетіп, әйелге оның алаяқтық схеманың құрбаны болғанын түсіндіріп, пәтердің сатылып кетуіне және соңғы мүлкінен айырылуына жол бермеді.Ірі көлемдегі интернет-алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция ақша аударылған тұлғалардың деректерін анықтады. Қазір олардың орналасқан жері анықталып жатыр.
https://sputnik.kz/20251028/aqmola-oblysynda-zeynetker-paterin-satyp-alayaqtarga-12-mln-tengesin-ustatyp-zhibergen-58263181.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, алаяқ, зейнеткер
алаяқтық, алаяқ, зейнеткер
Қостанайда зейнеткердің пәтерін сатуға келген риелтор бірден полицияға хабарласқан
Себебі байланысқа үшінші тұлға шығып, асықтырған, баға да нарықтан төмен
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Қостанайда полиция мен риелтор мүлкінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді құтқарды, деп хабарлайды
Polisia.kz. 64 жастағы тұрғын интернеттен тиімді инвестициялар туралы жарнаманы көргеннен кейін алаяқтардың құрбаны болды. Жоғары табысқа уәде бергендерге сеніп, ол сілтемелерге өтіп, қылмыскерлерге 4 млн теңге аударған. Алаяқтар "салған қаражат көбейген сайын пайда артады", – деп сендіріп, әйелді психологиялық қысыммен тағы 6 млн теңгені аударуға көндірген.
"Жәбірленушінің жылжымайтын мүлкі бар екенін білген қаскөйлер одан әрі қадамға барып, пәтерін сатуға үгіттеген. Олар тіпті өздері риелторлық компанияға хабарласып, зейнеткердің көмекшілері ретінде танысып, пәтерді төмен бағаға жедел сатуын талап еткен", - деп жазылған хабарламада.
Риелторда бірден күдік туды. Себебі байланысқа үшінші тұлға шығып, асықтырады, баға да нарықтан төмен. Оқиға орнына барған риелтор пәтер иесімен кездесіп, оның қысым астында тұрғанын байқап, дереу полицияға хабарлаған.
Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел жетіп, әйелге оның алаяқтық схеманың құрбаны болғанын түсіндіріп, пәтердің сатылып кетуіне және соңғы мүлкінен айырылуына жол бермеді.
Ірі көлемдегі интернет-алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция ақша аударылған тұлғалардың деректерін анықтады. Қазір олардың орналасқан жері анықталып жатыр.