https://sputnik.kz/20251127/qazaqstan-men-ozbekstan-zhibek-zholy-boyynsha-birlesken-turlar-ashady-59149482.html
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа рейстер мен бірлескен турларды іске қосады
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа рейстер мен бірлескен турларды іске қосады
Sputnik Қазақстан
Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады 27.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-27T09:58+0500
2025-11-27T09:58+0500
2025-11-27T10:04+0500
үкімет
қазақстан
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43469551_0:61:1280:781_1920x0_80_0_0_293f025d2a77298add503e04df8d002a.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады, деп хабарлады үкімет.Ведомство хабарлағандай, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді.Бастапқы кезеңде әуе қатынастары тұрақты жолаушылар ағынын қалыптастыру үшін субсидияланатын болады. Маршруттардың ашылуы туризмді дамытуға және Ұлы Жібек жолы қалаларын ілгерілетуге, сондай-ақ өңірлердің көлік байланысын күшейтуге және шетелдік туристер ағынын ынталандыруға бағытталған.Сонымен қатар туризм және спорт министрлігі Орталық Азияның Жібек жолы бойынша ортақ маршруттың жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оған аймақтағы негізгі қалалар: Алматы, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа кірді, сондай-ақ ортақ тарихи мұра мен табиғи ресурстар енгізілді.Самарқандқа алғашқы тур kompastour операторымен бірлесіп іске қосылды. Қазір басқа туристік компаниялармен жаңа турларды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.2026 жылы екі елдің туристік ресурстарын біріктіру мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін бірлесіп ілгерілету жоспарланып отыр, дейді үкіметтегілер.
https://sputnik.kz/20251015/astanadan-bishkek-pen-samarqandqa-tikeley-reyster-iske-qosylady-57917293.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43469551_80:0:1201:841_1920x0_80_0_0_fe3816352610aa9a896b5b94c6bd2f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, қазақстан, өзбекстан
үкімет, қазақстан, өзбекстан
Қазақстан мен Өзбекстан жаңа рейстер мен бірлескен турларды іске қосады
09:58 27.11.2025 (жаңартылды: 10:04 27.11.2025) Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады, деп хабарлады
үкімет.
Ведомство хабарлағандай, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризм және көлік байланыстарын дамыту жөніндегі жұмыстар күшейтілді.
"Көлік министрлігі тарапынан үш жаңа әуе бағыты іске қосылады. Осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап SCAT әуекомпаниясы Түркістан – Бұхара, Түркістан – Үргеніш (Хиуа) және Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша тұрақты ұшады. Рейстер әр бағыт бойынша аптасына үш рет орындалады. Билеттер сатуға шығарылды, ұшу құны – бір бағытқа 40 мың теңге", - деп жазылған хабарламада.
Бастапқы кезеңде әуе қатынастары тұрақты жолаушылар ағынын қалыптастыру үшін субсидияланатын болады. Маршруттардың ашылуы туризмді дамытуға және Ұлы Жібек жолы қалаларын ілгерілетуге, сондай-ақ өңірлердің көлік байланысын күшейтуге және шетелдік туристер ағынын ынталандыруға бағытталған.
Сонымен қатар туризм және спорт министрлігі Орталық Азияның Жібек жолы бойынша ортақ маршруттың жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оған аймақтағы негізгі қалалар: Алматы, Шымкент, Түркістан, Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа кірді, сондай-ақ ортақ тарихи мұра мен табиғи ресурстар енгізілді.
Самарқандқа алғашқы тур kompastour операторымен бірлесіп іске қосылды. Қазір басқа туристік компаниялармен жаңа турларды ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
2026 жылы екі елдің туристік ресурстарын біріктіру мақсатында Қазақстан мен Өзбекстанның туристік әлеуетін бірлесіп ілгерілету жоспарланып отыр, дейді үкіметтегілер.