Қазақстан бойынша 10 мыңға жуық сынып онлайн оқуға ауысты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМектеп тақтасы
Мектеп тақтасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Жазылу
Мектептегі сыныптар қашықтықтан оқуға ауысқандардың басында Шығыс Қазақстан облысы тұр
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Қазақстан бойынша 789 мектеп пен 9526 сынып қашықтықтан білім беруге ауысты, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Мектептегі сыныптар қашықтықтан оқуға ауысқандардың басында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Бұл аймақта 133 мектепте 1972 сынып онлайнға ауысты.
Қашықтан оқуға ауысқан аймақтардағы көрсеткіш:
Қостанай облысында - 155 мектепте 2519 сынып,
Солтүстік Қазақстанда - 39 мектепте 182 сынып,
Ұлытау облысында - 30 мектепте 195 сынып,
Маңғыстау облысында - 5 мектепте 82 сынып,
Ақмола облысында - 83 мектепте 795 сынып,
Батыс Қазақстанда - 2 мектепте 3 сынып,
Жамбыл облысында - 44 мектепте 1283 сынып
Астанада мектепте - 60 мектепте 643 сынып,
Абай облысында - 123 мектепте 952 сынып
Қарағанды облысында - 28 мектепте 182 сынып
Атырау облысы - 9 мектепте 158 сынып
Павлодар облысы - 78 мектепте 560 сынып қашықтықтан оқуға көшті.
Жалпы республика бойынша 789 мектеп пен 9526 сынып онлайнға ауысты.
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Қашықтан оқытуға ауыстырылған оқушылардың саны жарияланды
Жаңалықтар
0