Путин ҰҚШҰ орталықтарының қауіпсіздік жөніндегі қауымдастығын құруды ұсынды

© POOL
/ Жазылу
Ол ҰҚШҰ елдерінің ұлттық заңнамасын үйлестіру үшін парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға назар аудару қажеттігін атап өтті
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Ресей халықаралық қатынастар және қауіпсіздік тақырыбында ҰҚШҰ елдерінің Аналитикалық орталықтары қауымдастығын құру қажет деп санайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп жазды РИА Новости агенттігі.
"Біз қауымдастықтың ақпараттық-талдау әлеуетін арттыруды және оның қолдау, кеңес беру тетіктері желісін кеңейтуді перспективалы міндет ретінде қарастырамыз. Мысалы, бхалықаралық қатынастар және қауіпсіздік тақырыбында ҰҚШҰ елдерінің Аналитикалық орталықтары қауымдастығын құруды өзекті деп санаймыз", - деді Путин ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Ол ҰҚШҰ елдерінің ұлттық заңнамасын үйлестіру үшін парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға назар аудару орынды болатынын атап өтті.
"Сондай-ақ біздің хатшылығымыз бен ҰҚШҰ Біріккен штабының алдында тұрған міндеттер көлемінің артқанын ескере отырып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру, құрылымдық оңтайландыру, қазіргі заманғы шындыққа икемді бейімделу және, әрине, бірлесіп жұмыс істеу үшін жоғары білікті мамандарды тарту үшін жағдай жасау мәселелерін белсенді түрде шешуді ұсынамыз", - деп толықтырды Ресей президенті.
Бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін мемлекет басшылары ҰҚШҰ-ның ең жоғары органының декларациясына қол қойғаны хабарланған болатын.