Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лукашенко Украинадағы қақтығыста жеңімпаз болмауы мүмкін екенін айтты

© Photo : Пресс-служба президента БеларусиАлександр Лукашенко выступает на II Международной конференции по евразийской безопасности
Александр Лукашенко выступает на II Международной конференции по евразийской безопасности - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.11.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы қақтығыста жеңімпаз болмауы мүмкін екенін, ал егер жеңімпаз табылса, ол Еуроодақ болмайтынын мәлімдеді.
"Соғысты тоқтату қажет. Бұл соғыста жеңімпаз болмай ма деп алаңдаймын, бұл — қасірет. Неліктен болмайтынын білесіздер ме? Ал егер жеңімпаз табылып жатса, ол Еуропалық одақ болмайды. Америка Еуродақты қолдауды тоқтатса, олар жеңімпаз бола алмайды", — деді ол Бішкекте "Россия 1" журналисіне берген сұхбатында.
Беларусь президентінің пікірінше еуропалықтар Украинада бейбітшілік орнауын қаламайды.
"Олар кез келген нәрседен ілік іздеп отыр. Сондықтан әңгіме бұл бейбіт келісім жобасының (АҚШ ұсынған келісім жобасы – ред.) мазмұнында емес. Еуропалықтар бейбітшілікті қаламайды. Мен оларға соғыс не үшін керек екенін түсінбеймін. Олар жеңіске жете алмайды", - деп түйіндеді Лукашенко.
Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Лукашенко Украина бойынша келіссөзді Минскіде қайта өткізуге ұсыныс жасады
Жаңалықтар
0