Жамбыл облысында білім бөлімі қызметкерлерден үстемақыны қайтаруды талап еткен

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Верховного Суда Казахстана
Здание Верховного Суда Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
2021 жылы қызметкерлерге жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемақы белгіленген
АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында аудандық білім бөлімі қызметкерлерден 3 жыл бойы төленген үстемақыны қайтаруды талап еткен, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен білім беру ұйымдарында 36 бухгалтер, экономист, іс қағаздарын жүргізушілерге қызмет көрсету аумағы кеңейтілген. Осыған байланысты оларға жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемақы белгіленген.
"Алайда 2023 жылы аудиторлық тексеріс қорытындысы бойынша білім бөліміне 21,8 млн теңгені бюджетке қайтаруға міндеттелген. Одан кейін білім бөлімі төленген үстемеақыны "артық" деп есептеп, орталықтандырылған бухгалтерия қызметкерлерінен бұл соманы өндіру туралы бұйрық шығарған", - дейді ведомство.
Қызметкерлер бұл бұйрыққа келіспей, сотқа шағым түсірген. Сот талқылауы барысында қосымша төлемдердің заңды түрде – еңбек кодексіне, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің ішкі нормативтік актілеріне сәйкес төленгені анықталды.
Сот қызметкерлер алған сома олардың жалақысының бөлігі екенін және Азаматтық кодекстің 960-бабына сәйкес, егер төлем алушы теріс әрекет жасамаса, оны қайтармайтыны аталып өткен. 36 қызметкердің талабы қанағаттандырылды.
Жұмыс берушінің бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Жаңалықтар
0