https://sputnik.kz/20251126/politsiya-30-myn-tonnadan-astam-zhanarmaydy-kontrabandalyq-zholmen-eksporttagandardy-anyqtady-59110728.html
30 мың тоннадан астам жанармайды контрабандалық жолмен экспорттағандар анықталды
30 мың тоннадан астам жанармайды контрабандалық жолмен экспорттағандар анықталды
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды 26.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-26T08:45+0500
2025-11-26T08:45+0500
2025-11-26T09:27+0500
мұнай
полиция
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281068_54:147:1242:815_1920x0_80_0_0_9aa1125781b8fc36e35c57dd29a40e24.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдерін ұрлау, заңсыз тасымалдау және контрабанда фактілерін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.Қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі.Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді.Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды. Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, дейді полицейлер.
https://sputnik.kz/20250430/astanada-aqsh-tan-elge-kontrabandalyq-zholmen-esirtki-aldyrtqan-azamat-sottaldy-52993641.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281068_127:47:1202:853_1920x0_80_0_0_02a5493dd95669360a6ae924923fea72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, полиция, қылмыс
30 мың тоннадан астам жанармайды контрабандалық жолмен экспорттағандар анықталды
08:45 26.11.2025 (жаңартылды: 09:27 26.11.2025) Мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мұнай өнімдерін ұрлау, заңсыз тасымалдау және контрабанда фактілерін анықтады, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Қараша айында Ақтөбе облысында полицейлер мұнай өңдеудің бастапқы өнімін жалған құжаттар арқылы ұрлау және тасымалдаумен айналысқан адамдар тобының әрекетін әшкереледі.
Екі өңірде ұйымдастырушылардың нұсқауымен шамамен 60 тонна мұнай өнімін заңсыз тасымалдаған жүк көліктерінің жүргізушілері ұсталды.
Тұрғын үйлер мен бір кәсіпорында жүргізілген тінтулер барысында шамамен 400 тонна мұнай өнімі, сондай-ақ атыс және газ қарулары, заңға қайшы операцияларды растайтын құжаттар тәркіленді.
"Басқа қылмыстық іс шеңберінде шетелге мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен шығару арнасына тартылған компанияның қызметі тексеріліп жатыр. Алдын ала деректер бойынша кәсіпорын құны шамамен 8 млрд теңгені құрайтын 30 мың тоннадан астам жанармайды экспорттаған", - деп жазылған хабарламада.
Қазан айында мемлекеттік шекарадағы теміржол өткізу пункттерінің бірінде осы компанияға тиесілі, көрші мемлекетке 300 тонна жанармай алып бара жатқан төрт вагон анықталды. Анықталған барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, дейді полицейлер.