ЕАЭО аясында агроөнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
Атап айтқанда, АӨК-тегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін құруға қатысты тәсілдер қаралды
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіп саясаты жөніндегі кеңесінің отырысында аграрлық ведомстволардың басшылары мен ЕЭК-тің өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Гоар Барсегян мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіп кешендерінің жағдайын, перспективаларын және тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
"АӨК саласындағы кооперациялық жобаларды қаржылық қолдаудың тетігін құруға қатысты тәсілдер қаралды, осы бағыттағы бірлескен жұмысты жандандыру жөнінде келісімге қол жеткізілді", – делінген ЕЭК хабарламасында.
"Агроөнеркәсіп кешені үшін бұл – одақ мемлекеттерінің әлеуетін біріктіруге бағытталған бірлескен жобаларды қолдаудың жаңа шарасы. Біз осы тетік ең алдымен жоғары технологиялық жобаларды іске асыруда сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. оны АӨК-тің барлық саласында және оның инфрақұрылымында қолдануға болады", – деді ЕЭК министрі.
Кеңесте 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияны іске асыру мәселесі де талқыланды.
Жаңалықтар
0