https://sputnik.kz/20251126/deputat-zhana-ipotekalyq-bagdarlamany-iske-qosudy-talap-etti-59142183.html
Депутат жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосуды талап етті
Депутат жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосуды талап етті
Sputnik Қазақстан
Қазіргі ипотекалық бағдарламалар мүгедек жандардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескермейді 26.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-26T20:33+0500
2025-11-26T20:33+0500
2025-11-26T20:33+0500
мүгедек
ипотекалық бағдарлама
"7-20-25" бағдарламасы
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_bd929e9e0bb7d39a6623b8475ce07708.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мәжілісте мүгедек жандар үшін тиімді ипотекалық бағдарламаны іске қосу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Ерлан Әбдиевтің айтуынша, бүгінде мүгедек жандар тұрғын үйді кезек тәртібімен өтеусіз алуға құқылы. Алайда бір жылдың ішінде бар болғаны 605 пәтер беріледі. Бұл кезектегі қажеттіліктің 1,1 процентін ғана жабады. Бүгінде кезекте тұрғандардың саны 61,4 мың адамға жетті.Ал қазіргі ипотекалық бағдарламалар мүгедек азаматтардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескермейді. Мәселен "Наурыз" бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі тиімсіз. "Бақытты отбасымен" төлем қабілеттілігі расталса да, қалаған ауданнан және қалаған құрылыс салушыдан үй таңдау құқығы жоқ. Оған қоса, банктер қарыз жүктемесін зейнетақы аударымдары арқылы есептейді. Ал мүгедек азаматтар заң бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан босатылған. Содан формалды түрде "төлем жасауға қабілетсіз" болып жатады.Сондай-ақ, оның айтуынша, мүгедек жандар үшін қарыз жүктемесі коэффициентін есептеу тәртібіне өзгерістер енгізу керек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502296_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_fdef1871d0d893ef612388bc5bd7d65b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүгедек, ипотекалық бағдарлама, "7-20-25" бағдарламасы
мүгедек, ипотекалық бағдарлама, "7-20-25" бағдарламасы
Депутат жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосуды талап етті
Қазіргі ипотекалық бағдарламалар мүгедек жандардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескермейді
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мәжілісте мүгедек жандар үшін тиімді ипотекалық бағдарламаны іске қосу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Ерлан Әбдиевтің айтуынша, бүгінде мүгедек жандар тұрғын үйді кезек тәртібімен өтеусіз алуға құқылы. Алайда бір жылдың ішінде бар болғаны 605 пәтер беріледі. Бұл кезектегі қажеттіліктің 1,1 процентін ғана жабады. Бүгінде кезекте тұрғандардың саны 61,4 мың адамға жетті.
"Яғни берілетін тұрғын үй көлемі артса да, кезек қысқармай, керісінше ұлғайып отыр, бұл қолданыстағы тетіктердің жүйелі түрде мәселені шешуге жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Әбдиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал қазіргі ипотекалық бағдарламалар мүгедек азаматтардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескермейді. Мәселен "Наурыз" бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі тиімсіз. "Бақытты отбасымен" төлем қабілеттілігі расталса да, қалаған ауданнан және қалаған құрылыс салушыдан үй таңдау құқығы жоқ. Оған қоса, банктер қарыз жүктемесін зейнетақы аударымдары арқылы есептейді. Ал мүгедек азаматтар заң бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан босатылған. Содан формалды түрде "төлем жасауға қабілетсіз" болып жатады.
"Осыған байланысты мүгедек жандарға және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған 2% жылдық мөлшерлемемен, 10% бастапқы жарнамен, 19 жылдық мерзіммен "Наурыз Инклюзия" жаңа ипотекалық бағдарламасын енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз", - деп атап өтті Әбдиев.
Сондай-ақ, оның айтуынша, мүгедек жандар үшін қарыз жүктемесі коэффициентін есептеу тәртібіне өзгерістер енгізу керек.