https://sputnik.kz/20251126/darigerlerdi-qorqytqany-ushin-qanday-zhaza-kesiledi-59128046.html
Дәрігерлерді қорқытқаны үшін қандай жаза кесіледі
Дәрігерлерді қорқытқаны үшін қандай жаза кесіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жаңа заң бойынша дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорқытқаны үшін жаза тағайындау тәртібін... 26.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-26T16:28+0500
2025-11-26T16:28+0500
2025-11-26T16:28+0500
дәрігер
жаза
https://sputnik.kz/img/533/79/5337967_0:200:1921:1280_1920x0_80_0_0_856f00b77e74cd4789e91918b78beb87.jpg
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жаңа заң бойынша дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорқытқаны үшін жаза тағайындау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, дәрігерлерді қызметтік міндетін орындау кезінде қорқытса, жаңа баптың санкциясы қолданылады.Ал жұмыстан тыс уақытта болған оқиғалар басқа баппен сараланады.Жаңа баптың жазасы қандайЗаң жобасында медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорықшылармен бірдей қорғау ұсынылып отыр. Өміріне қауіпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру әрекеті үшін қарастырылған жаза:Ал дәрігерлердің денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтіргені үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылған.Бүгін депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін тағы өзгерістер енгізілуі мүмкін.
https://sputnik.kz/20251126/darigerdi-uryp-soqqandar-12-zhylga-sottalady--zan-zhobasy-59124507.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/533/79/5337967_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_1ae57c65cff4ded6c7ec327d2ddeace8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, жаза
Дәрігерлерді қорқытқаны үшін қандай жаза кесіледі
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жаңа заң бойынша дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорқытқаны үшін жаза тағайындау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, дәрігерлерді қызметтік міндетін орындау кезінде қорқытса, жаңа баптың санкциясы қолданылады.
"Қылмыстық процестің ережелеріне сәйкес, адамның қолында пышақ болса немесе қолмен ұрамын десе, дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісінің өмірі мен денсаулығына шынымен де қауіп төнеді. Ал жай ғана сөз болып, адам өміріне қауіп төнбеген жағдайда басқа бап бойынша құқықтық баға беріледі. Біз әрбір жағдайды жан-жақты зерделейміз", - деп атап өтті Әділов.
Ал жұмыстан тыс уақытта болған оқиғалар басқа баппен сараланады.
Жаңа баптың жазасы қандай
Заң жобасында медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорықшылармен бірдей қорғау ұсынылып отыр. Өміріне қауіпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру әрекеті үшін қарастырылған жаза:
500-1000 АЕК-ке (2025 жылы 1,9-3,9 млн теңге) дейінгі айыппұл;
сол сомаға сай түзеу жұмыстары;
600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу;
сол мерзімге бас бостандығынан айыру.
Ал дәрігерлердің денсаулығына орташа немесе ауыр зиян келтіргені үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылған.
Бүгін депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін тағы өзгерістер енгізілуі мүмкін.