Ай сайын шамамен 150 еуропалық Ресейге көшуге өтініш береді - Мемлекеттік Дума спикері

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРесей паспорты
Ресей паспорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
Көшуге ниет білдіргендердің басым бөлігі Германия, Латвия, Франция, Италия, Англия, Эстония және Литва азаматтары
АСТАНА, 26 қараша – Sputnik. Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин ай сайын шамамен 150 еуропалық Ресейге көшуге өтініш беретінін айтты.
Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша, 2025 жылдың қазан айының соңына қарай Ресей қызметтеріне осындай 2275 өтініш жолданған.
Көшуге ниет білдіргендердің басым бөлігі Германия, Латвия, Франция, Италия, Англия, Эстония және Литва азаматтары.
Еуропа елдерінің азаматтары Ресейді таңдауға мыналар себеп екенін белгілеген:
қауіпсіздік;
тегін медицина және білім беру;
сөз бостандығы;
дәстүрлі емес құндылықтардың және жынысты өзгертудің насихатталмауы;
өз елдеріндегі экономикалық проблемалардың күшеюі.
Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орындарындағы жағдай - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2024
Ресейде заңсыз миграция үшін құжат дайындағандарға айыппұл салу туралы заң қабылданды
Жаңалықтар
0