Атырауда жаңа салынған тұрғын үйдің қабырғасы жарылған

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуТұрғын үй кешені
Тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Жазылу
Жарықшақтарға жұдырық саяды, едені де айырылып кеткен
АСТАНА, 26 қараша - Sputnik. Атырауда бес жыл бұрын салынған тұрғын үйдің қабырғасы қақырап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл көпқабатты тұрғын үй "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған. Үйдің қабырғасы қақыраған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Тұрғындардың айтуынша, қабырғада жарықшақтар пайда болып, кей жері құлай бастаған.
"Міне, қараңыздар, 2020 жылы салынған. Жертөле қабырғасынан даланың жарығы көрініп тұр. Жел ұрып тұр", - дейді тұрғын.
Жарықшақтарға жұдырық саяды, едені де айырылып кеткен.
Sputnik Қазақстан тілшісі мәселені қалалық әкімдіктен сұрады.
"Береке шағын ауданындағы жиырмасыншы тұрғын үй бойынша аттестатталған сарапшылардың қатысуымен техникалық тексеру жүргізу жоспарланып отыр. Сарапшылар қараша айының соңында барып қарайтын болады", - дейді қалалық әкімдіктегілер.
Ведомствоның мәліметінше, Атырау қаласы әкімдігінің жанынан жұмыс тобы шығады. Бұл мәселе Атырау қаласы әкімдігінің ерекше бақылауында, дейді жергілікті билік.
Астанада үйдің сыртқы қаптамасы мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Астанада тұрғын үй қасбеті мен кондиционер құлады – бес адам зардап шекті
Жаңалықтар
0