"Шахтёр" футбол клубын жеке меншік компания сатып алды

"Шахтёр" футбол клубы ресми түрде жеке меншік компания сатып алды
Шахтёр футбол клубы ресми түрде жеке меншік компания сатып алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Жазылу
Осылайша "Шахтёр" футбол клубының дамуы мен трансформациясының жаңа кезеңі басталды
АСТАНА, 25 қараша - Sputnik. Қарағандының "Шахтёр" футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін, қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Сауда бүгінгі аукционда өтті және жекешелендіру рәсімі заң талаптарына толық сәйкес жүргізіліп жатыр, дейді ведомстводағылар.
Осылайша "Шахтёр" футбол клубының дамуы мен трансформациясының жаңа кезеңі басталды.
"Қарағанды облысының әкімдігі мен танымал кәсіпкер Тимур Турлов өңірде жаңа футбол экожүйесін құру жұмыстарын бастады. Бұл мақсатқа жалпы 18,5 млрд теңге бөлінген: оның 12 млрд теңгесі жаңа футбол академиясын салуға, ал 6,5 млрд теңгесі балалар-жасөспірімдер мен бұқаралық футболды дамытуға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Қарағанды облысының футбол қауымдастығы президенті Тимур Турловтың қолдауымен бірқатар ірі жоба, соның ішінде, заманауи "Шахтёр" футбол академиясының құрылысы қолға алынған.
Футбол академиясы шамамен 10 гектар жерді алады. Жоба аясында стадионнан бөлек жыл бойы дайындық жасауға арналған жабық манеж, толық өлшемді жаттығу алаңы, екі қабатты әкімшілік-бөлме кешені, медициналық орталық, бассейн, сауна, асхана және тәрбиеленушілерге арналған жатақхана қарастырылған. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2027 жылы аяқталуы жоспарланып отыр.
Матч Астана-Ордабасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Олигархтар футбол клубтарын сатып алуды көздеп отыр – тізім жарияланды
Жаңалықтар
0