https://sputnik.kz/20251125/resey-ukrainaga-qatysty-zhanartylgan-zhospardy-algan-zhoq--peskov-59099624.html
Ресей Украинаға қатысты жаңартылған жоспарды алған жоқ – Песков
Ресей Украинаға қатысты жаңартылған жоспарды алған жоқ – Песков
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мәскеу алған Трамптың бейбітшілік келісімінің нобайы қазірдің өзінде түзетілді, ал Ресей жаңа мәтінді алған жоқ, деп мәлімдеді... 25.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-25T21:42+0500
2025-11-25T21:42+0500
2025-11-25T21:42+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/11/53626334_0:141:3102:1886_1920x0_80_0_0_db384aabdd80fddb5c5a17edfe4ff7c2.jpg
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мәскеу алған Трамптың бейбітшілік келісімінің нобайы қазірдің өзінде түзетілді, ал Ресей жаңа мәтінді алған жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости жазды.Ол АҚШ пен Украина арасында АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт жоспары жобасының негізінде жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.Песков бейбіт бастама төңірегіндегі жағдайды ақпараттық жүгенсіздік деп сипаттады.АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина бойынша келіссөзде үлкен прогреске қол жеткізілгенін мәлімдеді.Оның айтуынша, Мәскеуге Анкориджде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жасалған нобай берілген. БАҚ жазған 19 тармақтан тұратын жаңартылған құжат Ресейге түспеген.Путиннің баспасөз хатшысы сондай-ақ Ресей мен АҚШ байланыс ортанып, Мәскеу ресми ақпарат алуы мүмкін екенін жоққа шығармады.Песковтың айтуынша, Ресей келіссөз процесіне толық ашық, ал Ыстанбұлдағы келіссөз Ресейдің кінәсінен тоқтамаған.Песков Ресей саяси-дипломатиялық құралдар арқылы мақсатқа қол жеткізуге мүдделі екенін атап өтті.Еске сала кетейік, өткен аптада Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт бастама әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/11/53626334_371:0:3102:2048_1920x0_80_0_0_91c9b3184fad6585784c988b43f1af78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ресей Украинаға қатысты жаңартылған жоспарды алған жоқ – Песков
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Мәскеу алған Трамптың бейбітшілік келісімінің нобайы қазірдің өзінде түзетілді, ал Ресей жаңа мәтінді алған жоқ, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
"Жарияланған мәтінге қандай да бір түзетулер енгізіліп жатқанын білеміз. Бұған дейін бізге бейресми түрде түскен мәтіннің қазір өзгерістерге ұшырағанын да біліп отырмыз", - деді Песков.
Ол АҚШ пен Украина арасында АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт жоспары жобасының негізінде жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.
"Жұмыс украиналықтар мен америкалықтар арасында Трамптың осы жобасының негізінде жүріп жатыр", – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Песков бейбіт бастама төңірегіндегі жағдайды ақпараттық жүгенсіздік деп сипаттады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина бойынша келіссөзде үлкен прогреске қол жеткізілгенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Мәскеуге Анкориджде қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде жасалған нобай берілген. БАҚ жазған 19 тармақтан тұратын жаңартылған құжат Ресейге түспеген.
Путиннің баспасөз хатшысы сондай-ақ Ресей мен АҚШ байланыс ортанып, Мәскеу ресми ақпарат алуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Песковтың айтуынша, Ресей келіссөз процесіне толық ашық, ал Ыстанбұлдағы келіссөз Ресейдің кінәсінен тоқтамаған.
"Ыстанбұлдағы келіссөз біздің кінәмізден үзілген жоқ. Бұл келіссөз процесін Киев режимінің өкілдері үзді", – деді ол.
Песков Ресей саяси-дипломатиялық құралдар арқылы мақсатқа қол жеткізуге мүдделі екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, өткен аптада Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеуге арналған бейбіт бастама әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.