https://sputnik.kz/20251125/qazaqstanda-qaldyqtardy-bir-rettik-zandastyru-nauqany-zhurgiziledi-59091867.html
Қазақстанда қалдықтарды бір реттік заңдастыру науқаны жүргізіледі
Қазақстанда қалдықтарды бір реттік заңдастыру науқаны жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
Бұл қалдық иелеріне есепте жазылмаған нақты жиналған көлемді айыппұлсыз есепке алуға мүмкіндік береді 25.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-25T12:47+0500
2025-11-25T12:47+0500
2025-11-25T12:47+0500
үкімет
заңдар
компания
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36034279_0:63:2952:1724_1920x0_80_0_0_f9914ccea07e9096aa79457ab36996cb.jpg
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанда күл-қоқысты жинаумен айналысатын компанияларға қалдықтарды бір рет заңдастыруға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, осы шарамен барлық қалдықты толық түгендеуге болады."Қалдықты бір реттік заңдастыру, яғни легализациялау, бұл қалдық иелеріне есепте жазылмаған нақты жиналған көлемді айыппұлсыз есепке алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде барлық қалдықтардың нақты сипаты анықталып, олардың пайдалы фракциялары айқындалып, қайталама айналымға тарту мүмкіндігі пайда болады", — деді Әлиев үкіметтің бүгінгі отырысында.Осы шаралар қалдықтың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында іске асырылады. Басқа да өзгерістер:
https://sputnik.kz/20251125/utilalymnan-tusken-qarazhat-qayda-zhumsalyp-zhatyr---ministrlik-esep-berdi-59086989.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36034279_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_d81f357cc206094d6f84ba45c36b893a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, заңдар, компания
Қазақстанда қалдықтарды бір реттік заңдастыру науқаны жүргізіледі
Бұл қалдық иелеріне есепте жазылмаған нақты жиналған көлемді айыппұлсыз есепке алуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанда күл-қоқысты жинаумен айналысатын компанияларға қалдықтарды бір рет заңдастыруға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиевтің айтуынша, осы шарамен барлық қалдықты толық түгендеуге болады.
"Қалдықты бір реттік заңдастыру, яғни легализациялау, бұл қалдық иелеріне есепте жазылмаған нақты жиналған көлемді айыппұлсыз есепке алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде барлық қалдықтардың нақты сипаты анықталып, олардың пайдалы фракциялары айқындалып, қайталама айналымға тарту мүмкіндігі пайда болады", — деді Әлиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы шаралар қалдықтың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында іске асырылады. Басқа да өзгерістер:
қалдырдарды қайта өңдемегені және рекультивация жасамағаны үшін жауапкершілікті күшейту,
утиль алым есебінен заманауи тұрмыстық қалдық полигондар құрылысын қаржыландыру;
тарифтерді әр 3 жыл сайын қайта есептеу;
салықтық преференциялар мен субсидиялар қарастыру;
өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (РОП) жүйесін жетілдіру.
радиоактивті қалдықты қоспағанда, қалдықтың барлық түрлерін 100%-ға түгендеу;
өнеркәсіптік қалдықтарды қайта пайдалану үлесін 10%-ға арттыру;
полигонға жіберілетін коммуналдық қалдық көлемін кемінде 10%-ға төмендету.