Қазақстан аумағынан 3 мыңнан астам жүк көлігі Ресейге жеңілдетілген тәртіппен кірді

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЖүк көлігі
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Жазылу
Путин жарлығының мерзімі аяқталуына санаулы күндер қалды
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ресей Федералдық кеден қызметі хабарлағандай, Қазақстан аумағынан келген 3205 жүк көлігінің тиелген тауарлары жеңілдетілген тәртіппен рәсімделу арқылы Ресейге кірді.

"Ресей Федерациясы президентінің 2025 жылдың 24 қазанындағы №778 Жарлығына сәйкес, 2025 жылдың 24 қарашасында кешкі жағдай бойынша Қазақстан Республикасынан Ресейге әртүрлі тауарларды тасымалдайтын 3205 жүк көлігі кірді", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Ведомство жарлықтың жақын арада күшін жоятынын нақтылады.
"Жарлық бойынша Ресейге кіру мерзімінің аяқталуына 16 күн қалғанын еске саламыз", - делінген мәлімдемеде.
Ресей президенті Владимир Путин 24 қазанда Ресейге Қазақстан мен Қырғызстаннан тауарларды құжатсыз автокөлікпен әкелуге рұқсат ететін жарлыққа қол қойды. Дегенмен, ол тауарлар ЕАЭО тауарлары ретіндегі расталған болуы керек.
Жарлық 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін күшінде болады.
Ресейге өтетін шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2025
Шекарада көлік кептеліп тұр - көлік министрлігі түсініктеме берді
Жаңалықтар
0