Астаналық оқушылар олимпиадада рекорд орнатты

© Photo : Астана әкімдігінің ресми сайтыАстаналық оқушылар Италияда өткен халықаралық олимпиадада рекорд орнатты
Астаналық оқушылар Италияда өткен халықаралық олимпиадада рекорд орнатты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Жазылу
Халықаралық олимпиадаға 18 елден жиналған 623 команда қатысты
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Астаналық оқушылар Италияның Рим қаласында өткен халықаралық олимпиадада рекорд орнатты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Fibonacci International Robot Olympiad дүниежүзілік финалына 18 елден жиналған 623 команда қатысып, логика, инженерия және шығармашылы қабілет бойынша үздіктерін анықтады.
Қазақстан атынан осы жарысқа барған елордалық оқушылардың есімі әлемдік робототехника қауымдастығы алдында ерекше жарқырады.
36 жүлде жиынтығы сарапқа салынған әлемдік додада Қазақстан командалары айқын басымдық көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Бұл – еліміздің робототехника тарихындағы ең жарқын жетістіктердің бірі.
"Қазақстан иеленген 19 алтын медальдің 17-сін астаналық оқушылар қанжығасына байлаған", - деп жазылған хабарламада.
Астана командаларының нәтижелері:
17 алтын медаль;
7 күміс медаль;
3 қола медаль;
5 мотивациялық "Jury Award" жүлдесі.
Бұл жетістік – Астанадағы техникалық дайындық мектептерінің әлеуетін, жас дарындардың таланты мен еңбекқорлығын, инженерлік ойлаудың жоғары деңгейін дәлелдейтін көрсеткіш. Елорда командалары халықаралық жарысқа жай ғана қатысып қойған жоқ, шын мәнінде жеңіс биігін бағындырды. Олар Қазақстанның болашақ инженерлерінің әлемдік деңгейдегі әлеуетін танытты.
Жаңалықтар
0