Ақтауда жаңа теңіз порты салынады

Ақтау порты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Жазылу
Жобаның жалпы құны - 300 млн доллар
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Ақтауда жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жобаның жалпы құны - 300 млн доллар. Портты қытайлық "Чжонъюн Интернешнл" компаниялар тобымен бірлесіп салу жоспарланған.
"Қазіргі уақытта инвестор компанияны өңірде тіркеп қойды, енді инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындап жатыр. Жоба "Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа" жаңа халықаралық көлік дәлізін қалыптастыруға ықпал ететін болады", - дейді Қилыбай.
Осы жобаның арқасында жүктерді жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, ал көлік шығындарын 18-25% төмендетуге мүмкіндік болады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрылады деген жоспар бар.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2025
Алматы облысында құны 344 млн доллар болатын жаңа сусын зауыты салынады
Жаңалықтар
0