https://sputnik.kz/20251125/almaty-oblysynda-zhol-apatynan-6-adam-qaytys-boldy-59085207.html
Алматы облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды
Алматы облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
23 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан 25.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-25T09:53+0500
2025-11-25T09:53+0500
2025-11-25T10:13+0500
алматы
бішкек
полиция
https://sputnik.kz/img/old/1281/16/12811685_0:285:5472:3363_1920x0_80_0_0_90ca964e656171b0ecd539b4ad122e91.jpg
АСТАНА, 25 қараша - Sputnik. Алматы облысында "Алматы – Бішкек" автожолының 65-шақырымында жол апаты болып, 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан."Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, медициналық мекемеде қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.Бұдан бөлек, бес жолаушы түрлі жарақаттар алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр.Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
https://sputnik.kz/20251117/batys-qazaqstanda-zhol-apatynan-8-adam-koz-zhumdy-58853240.html
алматы
бішкек
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1281/16/12811685_304:0:5168:3648_1920x0_80_0_0_202ea410067afc55780ae1670e5ea8a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, бішкек, полиция
Алматы облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды
09:53 25.11.2025 (жаңартылды: 10:13 25.11.2025) 23 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан
АСТАНА, 25 қараша - Sputnik. Алматы облысында "Алматы – Бішкек" автожолының 65-шақырымында жол апаты болып, 6 адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 23 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, медициналық мекемеде қайтыс болды", - дейді ведомстводағылар.
Бұдан бөлек, бес жолаушы түрлі жарақаттар алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.