https://sputnik.kz/20251125/almaty-oblysynda-er-adam-tugan-qyzyn-pyshaqtap-oltirdi-59106078.html
Алматы облысында ер адам туған қызын пышақтап өлтірді
Алматы облысында ер адам туған қызын пышақтап өлтірді
Sputnik Қазақстан
15 жастағы студенттің қайтыс болғандығы туралы хабарлама отбасының туысынан түсті 25.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-25T19:06+0500
2025-11-25T19:06+0500
2025-11-25T19:06+0500
алматы облысы
полиция
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_0a268058198359dd91d78291fbb5a5ee.jpg
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында ер адам қызын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан туған. Бұл туралы қайғы жұтқан отбасының туысы әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, жұмыссыз ер адам ішімдік ішіп отбасының шырқын бұзумен болған. Әкесінің бұл әрекетіне жасөспірім қызы наразылық білдірген. Қайта-қайта болған жанжалдан мезі болған отбасы бірнеше рет полицияға шағымданған.Ал қайғылы оқиға 10 қарашада болған. Ішімдік ішкен әкесіне ренжулі қыз сөзге келіп қалған. Ер адам ас үй пышағымен қызын 16 жерден рет пышақтап тастаған. Полицияға марқұм қыздың туыстары хабарлаған.Күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.Шаңырағы ортасына түскен отбасы кредит алып, қарызға әбден батқан. Туысының желіде айтқан ақпараты бойынша, күйеуі әйеліне бірнеше кредит алдырған.
https://sputnik.kz/20251118/atyrauda-zeynetker-baldyzyn-pyshaqtap-tastady-58868752.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_220:0:2000:1335_1920x0_80_0_0_cbec73865a3ccb4d8a626aec36d0de81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, полиция
Алматы облысында ер адам туған қызын пышақтап өлтірді
15 жастағы студенттің қайтыс болғандығы туралы хабарлама отбасының туысынан түсті
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында ер адам қызын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан туған. Бұл туралы қайғы жұтқан отбасының туысы әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, жұмыссыз ер адам ішімдік ішіп отбасының шырқын бұзумен болған. Әкесінің бұл әрекетіне жасөспірім қызы наразылық білдірген. Қайта-қайта болған жанжалдан мезі болған отбасы бірнеше рет полицияға шағымданған.
Ал қайғылы оқиға 10 қарашада болған. Ішімдік ішкен әкесіне ренжулі қыз сөзге келіп қалған. Ер адам ас үй пышағымен қызын 16 жерден рет пышақтап тастаған. Полицияға марқұм қыздың туыстары хабарлаған.
"Тұздыбастау ауылының тұрғыны кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Полицияға 15 жастағы студенттің қайтыс болғандығы туралы хабарлама отбасының туысынан түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күдіктіні ұстады. Сондай-ақ үйде қылмыс құралы тәркіленді", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті.
Күдікті қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.
Шаңырағы ортасына түскен отбасы кредит алып, қарызға әбден батқан. Туысының желіде айтқан ақпараты бойынша, күйеуі әйеліне бірнеше кредит алдырған.