https://sputnik.kz/20251124/tasmagambetovtyn-ornyna-kim-keletini-belgili-boldy-59081615.html
Тасмағамбетовтың орнына кім келетіні белгілі болды
Тасмағамбетовтың орнына кім келетіні белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты 1 қаңтардан бастап Таалатбек Масадықов алмастырады. Бұл туралы РФ президентінің... 24.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-24T21:36+0500
2025-11-24T21:36+0500
2025-11-24T21:36+0500
иманғали тасмағамбетов
ұқшұ
бас хатшы
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты 1 қаңтардан бастап Таалатбек Масадықов алмастырады. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков брифингте мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.Қазіргі уақытта Масадықов — ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары.Ол туралы не белгіліТаалатбек Масадықов 1961 жылдың қаңтарында туған.1984 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған, 1991 жылы МГУ-де ауған әдебиеті жөнінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2000–2002 жылдары Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің докторантурасында оқыды.2002–2014 жылдары БҰҰ құрылымдарында қызмет етті: саяси кеңесші, аймақтық офистердің басшысы және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының саяси директоры болды.2016 жылы Токио университетінде Ауғанстандағы бейбіт процесс және өңірлік қауіпсіздік тақырыбында дәріс оқыды.2017 жылы Қырғызстан президенті сайлауына түсті.2021 жылы Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, 2022–2023 жылдары президенттің арнайы өкілі болды. 2024 жылдың қаңтарынан — ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.Үйленген, үш баласы және үш немересі бар. Қырғыз, орыс, ағылшын және пушту тілдерін еркін меңгерген.
https://sputnik.kz/20251124/toqaev-uqshu-uzhymdyq-qauipsizdik-kenesinin-otyrysyna-qatysady-59078695.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иманғали тасмағамбетов, ұқшұ, бас хатшы
иманғали тасмағамбетов, ұқшұ, бас хатшы
Тасмағамбетовтың орнына кім келетіні белгілі болды
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты 1 қаңтардан бастап Таалатбек Масадықов алмастырады. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков брифингте мәлімдеді, деп хабарлады
ТАСС. Қазіргі уақытта Масадықов — ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары.
Таалатбек Масадықов 1961 жылдың қаңтарында туған.
1984 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) "халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша тәмамдаған, 1991 жылы МГУ-де ауған әдебиеті жөнінде кандидаттық диссертация қорғаған. 2000–2002 жылдары Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің докторантурасында оқыды.
2002–2014 жылдары БҰҰ құрылымдарында қызмет етті: саяси кеңесші, аймақтық офистердің басшысы және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының саяси директоры болды.
2016 жылы Токио университетінде Ауғанстандағы бейбіт процесс және өңірлік қауіпсіздік тақырыбында дәріс оқыды.
2017 жылы Қырғызстан президенті сайлауына түсті.
2021 жылы Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, 2022–2023 жылдары президенттің арнайы өкілі болды. 2024 жылдың қаңтарынан — ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Үйленген, үш баласы және үш немересі бар. Қырғыз, орыс, ағылшын және пушту тілдерін еркін меңгерген.