Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Словакия президенті АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын құптады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуНАТО эмблемасы
НАТО эмблемасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Ол АҚШ, Еуропалық Одақ, НАТО және барлық негізгі халықаралық серіктестердің қолдауымен Ресей мен Украина арасында нақты келісімге қол жеткізудің маңыздылығын айтты
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Словакия президенті Петер Пеллегринидің айтуынша, АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеу жоспары дұрыс бағыттағы маңызды қадам болып табылады, деп хабарлады РИА Новости.
"Көпшілік бұл қазіргі уақыттағы ең шынайы жоспар деп санайды. Әрине, әдеттегілей алда әлі көп жұмыс бар, бірақ бұл дұрыс бағыттағы маңызды қадам", - деп жазды Пеллегрини өзінің X әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол АҚШ, Еуропалық Одақ, НАТО және барлық негізгі халықаралық серіктестердің қолдауымен Ресей мен Украина арасында нақты келісімге қол жеткізудің маңыздылығын айтты.
Словакия премьер-министрі Роберт Фицо да жұма күні АҚШ ұсынған жоспарды қолдайтынын білдірді.
Ал осы мәселеге қатысты түсініктеме берген Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ жоспарына енгізілуі мүмкін түзетулер туралы ақпарат күтуді ұсынды.

ч"Біз әлі ешқандай жоспар көрген жоқпыз. Женевада өткен талқылаулардан кейін бұрын көрген мәтінге кейбір түзетулер енгізілгені туралы мәлімдемені оқыдық. Күте тұрамыз. Шамасы, диалог жалғасып жатыр, кейбір байланыстар жалғасады. Біз әлі ресми түрде ештеңе алған жоқпыз", - деді Песков тілшілерге.

Кремль АҚШ-тың Украинаға қатысты жоспарын БАҚ арқылы талқылау дұрыс емес екнін жеткізді.
АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украинадағы келісім жоспарын әзірленіп жатқанын жариялап, жұмыс әлі де жалғасып жатқандықтан, оны егжей-тегжейлі әзірге талқыламайтынын айтты. Кремль Ресей келіссөздерге ашық екенін және Анкоридждегі келіссөздерге берік екенін мәлімдеді.
НАТО жауынгері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
НАТО Ресей шекарасына 800 мың сарбаз орналастыруды жоспарлап отыр
Жаңалықтар
0