https://sputnik.kz/20251124/qate-audaryldy-ulttyq-bank-zhiilgen-alayaqtyq-turaly-eskertu-zhasady-59055834.html
"Қате аударылды": Ұлттық банк жиілген алаяқтық туралы ескерту жасады
"Қате аударылды": Ұлттық банк жиілген алаяқтық туралы ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, "қателесіп аударғанын" айтады да, түскен ақшаны қайтаруға басқа бір үшінші тараптың шотын ұсынады 24.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-24T13:47+0500
2025-11-24T13:47+0500
2025-11-24T13:48+0500
ұлттық банк
алаяқтық
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17400516_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_7d19d1fe2a09ea359100b13d85bf079b.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sutnik. Ұлттық Банк "қате" ақша аударымдарына қатысты алаяқтық жиілеп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстан Ұлттық Банкі "қате аударылған" ақшаға қатысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кетті дейді. Көп таралған схемалардың бірі – ақша түскені туралы жалған хабарлама жіберу.Осындай хабарлама немесе қоңырау қабылдаған кезде ақшаның қайдан келгенін тек банктің ресми мобильді қосымшасында немесе интернет-банкинг арқылы тексеріңіз. Белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеу керек."Алаяқтық схеманың тағы бір түрі бар. Ол жағдайда қаскөйлер белгілі бір азаматтың шотына шынайы түрде ақша аударады. Кейін олар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, "қателесіп аударғанын" айтады да, түскен ақшаны қайтаруға басқа бір үшінші тараптың шотын ұсынады. Әңгіме кезінде психологиялық қысым (мысалы, ақша баланың еміне керек екенін айтып) көрсетуі немесе құқық қорғау органдарына болмаса сотқа шағымданатынын айтып, қорқытуы мүмкін", - дейді Ұлттық банк.Көбіне алаяқтар өзін "күш құрылымдарының" немесе "Ұлттық банктің қызметкері" ретінде таныстырып, жеке және банк деректерін сұратады.Ұлттық Банк осындай оқиғаға тап болған жағдайда немесе белгісіз біреулерден ақша түскенде үшінші тараптың шотына ақша аударудан сақ болуға шақырады. Өзгеден келген ақшаны қайтару амалын нақтылау үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Қажет болса, тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек.
https://sputnik.kz/20250929/ulytau-oblysynda-alayaqtyq-zhasagan-sheneunik-ayyppulmen-qutyldy-57476586.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17400516_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_dbf5549d5dd5dc0d8c4a8447bc57bf5a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, алаяқтық, қылмыстық топ
ұлттық банк, алаяқтық, қылмыстық топ
"Қате аударылды": Ұлттық банк жиілген алаяқтық туралы ескерту жасады
13:47 24.11.2025 (жаңартылды: 13:48 24.11.2025) Алаяқтар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, "қателесіп аударғанын" айтады да, түскен ақшаны қайтаруға басқа бір үшінші тараптың шотын ұсынады
АСТАНА, 24 қараша – Sutnik. Ұлттық Банк "қате" ақша аударымдарына қатысты алаяқтық жиілеп жатқанын ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан Ұлттық Банкі "қате аударылған" ақшаға қатысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кетті дейді. Көп таралған схемалардың бірі – ақша түскені туралы жалған хабарлама жіберу.
"Ондай кезде азаматтар банк шотына түскен ақша сомасы туралы SMS-хабарлама алады. Кейін оларға алаяқтар қоңырау шалады. Өзін ақша аударған адам ретінде таныстырып, "қателесіп аударыппын" деген сылтаумен түскен ақшаны кері қайтаруды сұрайды. Бірақ, көбіне мұндай хабарламалар жалған болып шығады", - дейді банктегілер.
Осындай хабарлама немесе қоңырау қабылдаған кезде ақшаның қайдан келгенін тек банктің ресми мобильді қосымшасында немесе интернет-банкинг арқылы тексеріңіз. Белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеу керек.
"Алаяқтық схеманың тағы бір түрі бар. Ол жағдайда қаскөйлер белгілі бір азаматтың шотына шынайы түрде ақша аударады. Кейін олар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, "қателесіп аударғанын" айтады да, түскен ақшаны қайтаруға басқа бір үшінші тараптың шотын ұсынады. Әңгіме кезінде психологиялық қысым (мысалы, ақша баланың еміне керек екенін айтып) көрсетуі немесе құқық қорғау органдарына болмаса сотқа шағымданатынын айтып, қорқытуы мүмкін", - дейді Ұлттық банк.
Көбіне алаяқтар өзін "күш құрылымдарының" немесе "Ұлттық банктің қызметкері" ретінде таныстырып, жеке және банк деректерін сұратады.
Ұлттық Банк осындай оқиғаға тап болған жағдайда немесе белгісіз біреулерден ақша түскенде үшінші тараптың шотына ақша аударудан сақ болуға шақырады. Өзгеден келген ақшаны қайтару амалын нақтылау үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Қажет болса, тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек.
"Еске сала кетейік Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайды, жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, түрлі инвестициялық қорлар мен қаржы өнімдеріне қаржы салымдарын ұсынбайды, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайды, халықпен де ақшалай есеп айырыспайды", - дейді банктегілер.