Биыл қанша мал азығы жиналды

© Sputnik / Игорь Чабаненко / Медиабанкке өтуСолома
Солома  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Бірқатар облыс жоспарды айтарлықтай артығымен орындады
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда қоймаға 40 млн тонна мал азығы жиналды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау науқаны аяқталды.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше өңірлер 25 млн тонна шөп жинаған. Бұл - жоспардың 103,1%-і.
"1,9 млн тонна сенаж жиналып, жоспар 113,3% артығымен орындалды. 5,4 млн тонна құрамажем - 98,4%, 2,1 млн тонна силос - 107,3%, 4,9 млн тонна сабан 106,6% жиналды", - дейді ведомство.
Жалпы республика бойынша 39,8 млн тонна мал азығы әзірленді.
"Бұл қыс маусымында малды ұстауға жеткілікті. Бірқатар облыс науқанды жоғары деңгейде өткізіп, жоспарды айтарлықтай артығымен орындады", - дейді мамандар.
Министрліктің мәліметінше Қазақстанда биыл мал қыстан күйлі шығады, проблема болмайды.
Телята - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2025
Түрік инвесторлары Қазақстанда мал қалдықтарынан электр энергиясын өндірмек
Жаңалықтар
0