https://sputnik.kz/20251124/auganda-maman-bar-qural-zhoq-qazaq-darigerleri-elge-oraldy-59079523.html
"Ауғанда маман бар, құрал жоқ": қазақ дәрігерлері елге оралды
"Ауғанда маман бар, құрал жоқ": қазақ дәрігерлері елге оралды
Sputnik Қазақстан
3 қарашадағы Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстанның медицина қызметкерлері көмек көрсетуге барды 24.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-24T19:15+0500
2025-11-24T19:15+0500
2025-11-24T19:15+0500
ауғанстан
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58954205_31:214:1204:874_1920x0_80_0_0_844fbb14de384f34b0ab0696877cf292.jpg
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның дәрігерлері Ауғанстанға барып, гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.Ауғанстанда 10 күн бойы гуманитарлық көмек көрсеткен қазақстандық медициналық бригада елге оралды.Олар ауған әріптестерінің кәсіби даярлығы жоғары екенін атап өтті, алайда жергілікті ауруханаларда жабдықтар жеткіліксіз, негізгі медициналық құралдар тапшы болған.Қазақстандық миссияның құрамында Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының, Ұлттық нейрохирургия орталығы және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері болған.Отандық уролог дәрігер Р. Сәлімов әдетте бөлімше меңгерушілері немесе аға ординаторлар орындайтын аса күрделі операция – нефрэктомияны өз бетінше сәтті жасаған.
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/15/58954205_14:73:1197:960_1920x0_80_0_0_abeda5d075f3b89786dc7ab59e323bad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан, дәрігер
"Ауғанда маман бар, құрал жоқ": қазақ дәрігерлері елге оралды
3 қарашадағы Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстанның медицина қызметкерлері көмек көрсетуге барды
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанның дәрігерлері Ауғанстанға барып, гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Ауғанстанда 10 күн бойы гуманитарлық көмек көрсеткен қазақстандық медициналық бригада елге оралды.
"Сапар барысында біздің дәрігерлер үш ірі ауруханада 40-тан астам операция жасап, 100-ден астам консультация өткізді. Медицина қызметкерлері өздерінің аспаптары мен жабдықтарын пайдаланды", - дейді министрлік.
Олар ауған әріптестерінің кәсіби даярлығы жоғары екенін атап өтті, алайда жергілікті ауруханаларда жабдықтар жеткіліксіз, негізгі медициналық құралдар тапшы болған.
Қазақстандық миссияның құрамында Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының, Ұлттық нейрохирургия орталығы және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері болған.
"Ауғанстанның денсаулық сақтау саласында жағдай қиын: ел ұзақ соғыстан жаңа шықты, экономикалық дағдарыс пен жабдықтардың тапшылығы қатты сезіледі. Бізге шектеулі жағдайда операция жасауға тура келді. Соған қарамастан мамандардың деңгейі жоғары, олармен бірлескен жұмыс тәжірибесі – біз үшін өте құнды", – деді Батпенов атындағы ҰҒТО директоры, топ жетекшісі Олжас Бекарысов.
Отандық уролог дәрігер Р. Сәлімов әдетте бөлімше меңгерушілері немесе аға ординаторлар орындайтын аса күрделі операция – нефрэктомияны өз бетінше сәтті жасаған.